- Блогтар
- Мусин Б.Б.
- Өтініш
Мусин Б.Б.
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
ШАҒЫМ (ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК РӘСІМДІК-ПРОЦЕСТІК КОДЕКСІНЕ "ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ құқықтарын қорғау туралы" Заңына сәйкес), Мен, TELE 2 Компаниясының тұтынушысымын. Соңғы айға дейін тарифым 1390 теңге болған, енді бүгін жеке кабинетіме минуттарды білейін деп, кіріп қарасам тариф 1890 (!!!) боп 500 теңгеге көтеріліп кетіпті. Ешқандай ресми ескерту болған жоқ. Бұл компанияның әрекеттері тұтынушыны алдау ғой. Қазақстан Республикасы Конституциясы "ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ құқықтарын қорғау туралы" Заңын және Мобильдік қызмет көрсетуге арналған өзге де Қазақстан заңнамасын аяққа басқаны үшін, уәкілетті орган ретінде тиісті шараларды қолданып, менің құқықтарыма нұқсан келтірмеуді, Тұтынушылардың құқықтарын болашақта бұзбауын, аталған компанияға, кінәлі тұлғаға қолданған шаралары жайлы, Заңды мерзімде ресми жауап беруіңізді сұраймын. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК РӘСІМДІК-ПРОЦЕСТІК КОДЕКСІНЕ және «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңының 11-бабы 5-тармағына сәйкес жазбаша сұрау салуда: ақпаратты сұрататын жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (Жандос Лесбекұлы Өстемір), жеке сәйкестендіру нөмірі (750128301802); пошта мекенжайы немесе электрондық поштасының мекенжайы (Астана, Түркістан көшесі 2/65), телефон немесе телефакс нөмірі (87019121616),көрсетілді. Фото материалдар қоса тіркелуде. ...
Файлдар:
- Өстемір Жандос
- Мемлекеттік органдардың жұмысы туралы(мемлекеттік қызмет көрсету)
- 01.11.2021
- 142
- Өтініш нөмірі 712385
Мусин Б.Б. 12.11.2021, 10:20
Қайырлы күн, Жандос! Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бәсекелестікті дамыту мақсатында 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап байланыс қызметтері тарифтері мемлекеттікпен реттелмейтінін атап өткен жөн. Дегенмен шағымды жан-жақты қарастыру үшін Министрлік «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС (бұдан әрі – Байланыс операторы) сұрау хат жолдады. «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 171, бұйрығымен бекітілген Байланыс қызметтерін көрсету қағидасының 26-тармағына сәйкес (бұдан әрі - Қағида) ұялы байланыс операторы тарифтік жоспарларды, сондай-ақ оларға енгізілген негізгі және қосымша ұялы байланыс қызметтерін және тарифтерді дербес қалыптастырады олар үшін оларды пайдалану шарттары, мерзімдері, абоненттік төлемді алу жиілігі, көрсетілетін қызметтердің көлемі және оны абоненттердің назарына өзіне қол жетімді тәсілдермен жеткізеді. Қағиданың 22-тармағының 28) тармақшасына сәйкес, ұялы байланыс қызметтерін ұсынған кезде ұялы байланыс операторы тарифтік жоспарды өзгертеді немесе күшін жояды, бұл туралы абонентке қысқа мәтіндік хабарлама арқылы хабарлауды өзгертуге немесе жоюға дейін күнтізбелік отыз күн қалғанда хабарлайды. Бұл талаптар абоненттер қосылатын Ашық келісім-шарттқа сәйкес келеді. 2 Байланыс операторының ақпараты бойынша ағымдағы сәтте сізде 2490 теңгеге «Бәрін ауыстыр» тарифтік жоспары қолданылады. Сізге 2021 жылдың 21 қыркүйегінде келесі мазмұндағы SMS хабарлама жіберілген: «Сіздің «Бәрін ауыстыр» тарифіңіз үшін керемет жаңалық! 25.10.2021 жылдан бастап Сізге Netflix, Tinder, Likee, Skype, Teams сервистеріне ШЕКСІЗДІК қолжетімді болады, ал интернет +10 ГБ-қа көбейеді! Сондай-ақ YouTube, Instagram, TikTok, VK, WhatsApp, Telegram, Viber, OK, FB, Twitch сервистері ШЕКСІЗ болып қала беретінін еске саламыз! Жаңа абоненттік төлем 2490 тг құрайды. Барлық өзгерістер туралы толығырақ: https://tele2.kz/jj7lee». Яғни, Сіз тарифтік жоспардың абоненттік төлем шарттарының 2021 жылдың 25 қазанынан бастап өзгеретіні туралы 30 күнтізбелік күн бұрын хабардар етілгенсіз. Егер сіз тарифтік жоспарды қолданыстағы өзге тарифтік жоспарға ауыстыруды қалайтын болсаңыз, онда мұндай қызметті кез-келген сәтте пайдалануға құқылысыз. Сіз тарифтік жоспарлармен Байланыс операторының ресми сайтынан таныса аласыз. Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабы 3-бөлігіне сәйкес, осы шешіммен келіспеген жағдайда, Сіз қабылданған шешімге шағым жасауға құқылысыз. Құрметпен, вице-министр Асхат Оразбек.