• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
  • Портал туралы
    • Талдау
  • МО басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

МО басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • МО басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Оразалин О.С.
  • Өтініш
Оразалин О.С.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

ЖАСЫЛ АЙМАҚ және Қоқыс жайлы

Файлдар:

Хат.docx

  • Омаров Әбдірейім
  • Мәдениет, ақпарат және экология
  • 08.11.2021
  • 131
  • Өтініш нөмірі 713482

Жауаптар (1)

Оразалин О.С. 16.11.2021, 03:26

Құрметті Әбдірейім Омаров! Ақтөбе өңірінің тұрғыны ретінде жанашырлық танытып, облыстың дамуына қатысты өзекті мәселелерді көтеріп отырғаныңыз үшін алғысымды білдіремін. Тұрғындардың өзінің туған өлкесінің көркеюіне үлесін, ұсыныс-пікірін қосып жүргені мені қуантады. 1. Сіз айтып отырған жасыл желектендіру мәселесі ақтөбеліктерді мазалап келе жатқан сұрақ, тұрғындар тарапынан әлеуметтік желіде де шағымдар түскенін жасыруға болмайды. Көктем сайын жаппай жас көшеттерді отырғызып, ол күтімсіз қурап қалған жағдайларды бұрынғы жылдардың тәжірибесі көрсетті. Сондықтан, жасыл желектендіруді бір науқандық қылып өткізу үрдісіне өткен жылдан бастап тоқтау салдық. 2020 жылдан бастап Ақтөбе қаласының аумағында біріншіден, тал кесуге мүлдем тыйым салынды. Себебі, бұрындары санитарлық күтім немесе эстетикалық көркемдеу мақсатында деген желеумен өсіп тұрған талдардың бұталары безберекет кесу әдісі ағаштардың санының азаюына әкеліп соқты. Екі жыл бойы жергілікті атқарушы органдармен бірге ағаш кесуге салынған тыйымның бұзылмауын «жасыл патруль» волонтерлері, қоғам белсенділері бақылап келеді. Бірен-саран болған жағдайларға кінәлілер бірден заң аясында жауапкершілікке тартылып отыр. Екіншіден, 2020 жылдан бастап көшеттерді қала бойынша жаппай отырғызбайтын болдық. Тал-теректі тек қана суару жүйесі жүргізілген аумақтарға ғана отырғызу талабын қойдық. Өткен жылы Әбілқайыр хан даңғылының бойында, Бөкенбай батыр көшесінде суару жүйесі жүргізілді. Ал биыл Батыс-2 шағын ауданында «Анаға тағзым» рухани тәрбие беру орталығы алаңында, жаңа ашылған триатлон-парк аумағында, Ә.Молдағұлова даңғылы бойына, Темір жол басқармасы алаңындағы скверде, «Жастар» аллеясында, Тұрғындар қалашығындағы «Алақай» скверінде, Нұр-Ақтөбе ауданында салынып жатқан скверде суару желісі жүргізілді. Бұл жұмыстардың көпшілігі демеушілердің есебінен жасалғанын айта кету керек. Және де осы аталған аумақтарда бұрын-соңды суару жүйесі болған емес. Сонымен қатар, суару жүйесі бар аумақтарға биыл көктем-күзде 10 мың түп тал отырғызылды. Бұл жұмыс та бюджет қаражатына емес, демеушілердің және ірі кәсіпорындардың компенсациялық өтемі есебінен атқарылды. Сіз орынды көтеріп отырған ҚР Тұңғыш Президенті демалыс саябағын абаттандыру шаралары да қолға алынып отыр. Мәселен, компенсациялық өтем есебінен «Казхром» компаниясы саябақ ішіне биыл 1500 көшет отырғызды. Ол жерде де суару желісі жүргізілді. Бұдан бөлек, биыл саябақтың кіреберісі, жиһаздары, фонтандары жөнделіп, тоғанға су жіберіліп, қайта қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Жаңа атракциондар қойылып басталды. Қала әкімдігіне осы бағытта жұмысты ұйымдастыру үшін тапсырма берілді. Менің ойымша, Тұңғыш Президент саябағы атына заты сай қоғамдық кеңістікке айналып, үлкенге де, кішіге де лайықты демалыс орны болуы тиіс. Әрине кіші архитектуралық формаларды, қалалық жиһаз элементтерін күтіп ұстау, вандализмге жол бермеу мәселесін тұрғындар арасында насихаттауға өзіңіздей жанашыр азаматтар атсалысып жатса, нұр үстіне нұр болар еді. Себебі, көптеген скверлер мен саябақтар абаттандырылып, оны сындырып, талдарды кесіп тастаған вандалдық әрекеттер жиі кездеседі. Онымен сіз бен біз болып күресуіміз керек. 2. Қоқыс мәселесін де орынды көтердіңіз. 2018 жылы «Таза қала» компаниясы банкротқа ұшырағаннан кейін қалада қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару мәселесі өзекті болғаны рас. Дегенмен, бұл мәселені түбегейлі шешу үшін жүйелі түрде айалысуға тура келді. Бұл әрине, уақытты қажет етті. Қазір бір ізге қойылып, біртіндеп шешімін тауып келеді. Түбегейлі шешу үшін бірнеше компания тартылды. Оның ішінде Нұр-сұлтан қаласынан келіп жұмыс істеп жатқан маманданған компания да бар. Қоқысты сұрыптап жинау жүйесін де енгізіп жатырмыз. Биыл қалаға картон, пластик, шыны сияқты үйден шыққан қоқысты сұрыптап салуға арналған жәшіктер мен арнайы техникалар әкелінді. Алғашқылары «Нұр Ақтөбе» шағын ауданына қойылды. Сонымен қатар, қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау желісі іске қосылатын болады. Осы мақсатта қазір қала әкімдігі жұмыстанып жатыр. Бұл бір күннің шаруасы емес әрине. Мәселелер бар. Қала бойынша әлі де 2 мың контейнер керек. Биыл мыңға жуық контейнер алынды. Арнайы техникада да тапшылық бар. Қазір 80 арнайы техника желіде қызмет көрсетіп жүр. Тағы да онын алуды жоспарлап отырмыз. 1 техниканың құны 40 миллион теңгеден асады. Сондықтан біртіндеп жаңартамыз. Ақтөбеліктердің 40 пайызы қоқыс жинайтын компанияларға коммуналдық төлемақысын мүлдем төлемейді. Бұл да осы саладағы жұмысқа үлкен кедергі. Егер, тұрғындар түгелдей жауапкершілікпен қарап төлеп отырса, түскен қаржыны компаниялар арнайы техника алуға жұмсар еді. Сіздің «Егер, әрбір қала тұрғыны өз жауапкершілігін сезінбесе – ешқандай да шешімдер, қадамдар өз жемісін бермейді» дегеніңіз орынды. Жалпы, бұл проблеманы жою үшін ең алдымен тұрғындарымыздың қоршаған ортаны таза ұстау мәдениетін көтеруіміз керек. Себебі, бұл қазір бір біздің қала емес, әлем елдеріне – ортақ мәселе. Құрметпен, Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин.

  • Құрметті өтініш авторы, Сізден МO ұсынған жауапты бағалауыңызды және түсініктеме ретінде себебін көрсетуді сұраймыз

Оразалин О.С.

Ақтөбе облысының әкімі

Оразалин О.С.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы (СІО)
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • МО басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Нұр - Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика