- Блогтар
- Ғилымов С.Қ.
- Өтініш
Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаев мырза 21-қыркүйек 2021 жылы Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында ҚР Үкіметіне Бейнеу-Бозой – Шалқар-БҚ-БЕ күре жолына шейін жол салу жобасын жеделдету туралы тапсырма берген болатын. Алайда жол Бозойдан жол Сексеуіл станциясы арқылы БҚ-БЕ трассасына 1337 км тұсынан қосылуы төте болып табылатыны ешкімде дау туғызбайтыны анық. Жолдың осы бағытта салынуы басты көлік ағымы болатын барлық оңтүстіктегі Қызылорда, Түркістан, Тараз, Алматы және Жезқазған-Қызылорда жолы арқылы Орталық Қазақстан облыстарына тиімді, жол қашықтығын 280 км қысқартады. Бұл Қызылорда облысы ғана емес барлық Оңтүстік және Орталық Қазақстаннан Атырау мен Маңғыстау облысымен тек іскерлік байланыс қана емес, Каспий жағалауындағы туризм обьектілерін пайдалану тиімділігі, ал Атырау арқылы Ресейдің Астрахан облыстарына тауар транспорт байланысына екі жақты да тиімді.. Сонымен қатар Маңғыстау, Атырау өңіріне вахталық жұмысқа қамтылған жұмысшыларға көлік қатынасын, олардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі. Сексеуіл станциясынан ҚазТрансОйл компаниясы мұнай-газ құбыры жанында салынған тас жолын ұстап тұру шығыны жойылады, кәсіпкерлердің тауар тасымалы шығынын түсіреді. Бұған дейін Бейнеу-Шалқар темір жолы да Сексеуіл арқылы өтейін деп тұрған жерінен өзгеріп Шалқар арқылы кетті, ол да халықтың асыл уақытын алып поезд Шалқарға барып кейін айналуына, Сексеуіл мен Ақтөбе арасында Сексеуіл, Шалқар, Қандағаш 3 узловой станция жасалуына соқтырды. Жоғарыдағы дәлелдерді келтіре отырып, мәселенің маңыздылығын ескеріп жолдың Техникалық Экономикалық Негіздемесінде(ТЭО) ескерулеріңізді сұраймын. Қызылорда облысы Қоғамдық Кеңесі мүшесі, Қызылорда облысы Атамекен ҰКП Өңірлік кеңесі мүшесі, Қызылорда облысы кәсіпкерлер құқын қорғау Кеңесі төрағасы, Халық үні ҚБ тең төрағасы Болат Нұрхожаев
- Нурхожаев Болат
- Көлік
- 12.11.2021
- 93
- Өтініш нөмірі 714369
Ғилымов С.Қ. 15.11.2021, 09:43
Cәлеметсіз бе. Сіздің өтінішіңіз құзыреті бойынша қарау үшін ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті төрағасының блогына жолданды.