- Блогтар
- Абаев Д.Ә.
- Өтініш
Сәлеметсіз бе, Облыстық мәдениет ұйымдарына жүргізілген қаржылық тексерістің нәтижесінде мынадай ұсыным берілді: "мәдениет ұйымдарының қызметкерлеріне біліктілік санаттарын беруге құқылы тұлғаны анықтайтын құжаттарға қолданыстағы заңнамаларға сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізу",-делінген. осы мәселені шешу үшін қандай шаралар алынуы қажет? осыған дейін қойылған сауалыма бұл мәселе тек мәдениет саласы мамандарын аттестаттау заңында ғана көрсетілгені айтылған. ал, санаты бар сала қызметкерлерінің санаттарын жоғарылату немесе төмендету мәселесі нақты көрсетілмеген. осы мәселені мәдениет ұйымдарының басшыларының құзыретіне беруге бола ма? болған жағдайда ол қандай құжатпен рәсімделуі қажет. әлде бұл мәселе министрліктің арнайы құқықтық құжатында көзделуі қажет пе? рақмет.
- Амирова Бибигуль
- Ерікті тақырыбы
- 31.12.2021
- 64
- Өтініш нөмірі 721343
Жауаптар (2)
Абаев Д.Ә. 19.01.2022, 09:03
Құрметті Бибигүл! Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Сіздің өтінішіңіз заңнамалық және қызметкерлердің кадрлық мәселесіне қатысты болуына орай Заң қызметі және Персоналдық басқару департаменттері қарастырып жатқандығын хабарлайды.
Абаев Д.Ә. 21.01.2022, 12:43
Құрметті Бибигүл! Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Сіздің хатыңыз бойынша келесіні хабарлайды. Мемлекеттік мәдениет ұйымдарының азаматтық қызметшілердің атқарып отырған лауазымдарына немесе үміттеніп отырған біліктілік санаттарына олардың білім деңгейлерінің және/немесе біліктілік сипаттамаларына сәйкестіктерін анықтау мақсатында азаматтық қызметшілер аттестаттаудан өткізіледі. «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 15) тармақшасына сәйкес мемлекеттік мәдениет ұйымдарының мәдениет қызметкерлерді аттестаттау және мерзімінен бұрын аттестаттау қағидаларын бекіту мәдениет саласындағы уәкілетті органның құзыретіне жатады. Осы норманы ескере отырып, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 189 бұйрығымен мемлекеттік мәдениет ұйымдарының мәдениет қызметкерлерді аттестаттауды өткізу тәртібі мен шарттары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілген. Қағидалардың 6-тармағына сәйкес аттестаттау мынадай кезеңдерді қамтиды: 1) аттестаттауды өткізуге дайындық; 2) қызметшілерді тестілеу; 3) қызметшілермен аттестаттау комиссиясы өткізетін әңгімелесу; 4) аттестаттау комиссиясының шешім шығаруы. Қағидалардың 18-тармағының негізінде әңгімелесу нәтижелері бойынша аттестаттау комиссиясы мынадай шешімдердің бірін қабылдайды: 1) атқарып отырған лауазымының біліктілік сипаттамаларына және (немесе) біліктілік санатына сәйкес келеді; 2) Қағидалардың 5-1-тармағында көрсетілген жағдайды қоспағанда, қайта аттестаттауға жатады; 3) атқарып отырған лауазымының біліктілік сипаттамаларына және (немесе) біліктілік категориясына сәйкес келмейді. Сонымен қатар, Қағидалардың 5-1-тармағына сәйкес қызметшілердің бастамасы бойынша біліктілік санатын жоғарылату мақсатындағы аттестаттауын өткізу үшін, тағайындауға құқығы бар тұлғаның атына ерікті нысандағы өтініш беріледі. Қызметшілер осы Ереженің 2–тарауында белгіленген тәртіппен және шарттар бойынша аттестаттаудан мерзімінен бұрын өтеді. Қағидалардың 19-тармағына сәйкес қайта аттестаттаудан өту осы Қағидалармен айқындалған тәртіппен алдыңғы аттестаттау комиссиясының шешім шығарған күнінен бастап күнтізбелік отыз күннен кейін өткізіледі. Аттестаттау комиссиясы, қайта аттестаттаудан өткізе отырып, төмендегі шешімдердің бірін қабылдайды: 1) атқарып отырған лауазымына сәйкес келеді; 2) атқарып отырған лауазымына сәйкес келмейді. Аттестаттау комиссиясымен атқаратын лауазымына сәйкес еместігі туралы шешімді қабылдау аттестаттаудың теріс нәтижесі болып табылады. Бұдан басқа, қызметшінің аттестаттаудағы теріс нәтижесі оны лауазымынан төмендету үшін, ал егер ол ұсынылған лауазымға орналасудан бас тартқан жағдайда, жұмыстан босату үшін негіз болып табылады.