• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
  • Портал туралы
    • Талдау
  • МО басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

МО басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • МО басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шарлапаев Қ.Б.
  • Өтініш
Шарлапаев Қ.Б.

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

«Ашық диалог» порталындағы "«Отбасы банк» АҚ Басқарма төрайымы, Ибрагимова Л.Е." блогындағы менің Ибрагимов Мұхаметхан Жақыпұлының (бұдан әрі -арыз иесі) 2021 жылы 19—желтоқсанда "719619" нөмірлі жолданымға (бұдан әрі-Жолданым) 10.01.22 ж. келесі жауап берілді. «Сіздің № 719619 жолдауыңызға жауап өзіңіз көрсеткен жеке поштаңызға жіберілді. Байланысқаныңыз үшін рахмет». Алайда менің жеке почтама ешқандай жауап келіп түскен жоқ. Мәселе шеімін таппады. Қазақстан Республикасының Ақпаратқа қол жеткізу туралы 2015 жылғы 16 қарашадағы Заңының (бұдан әрі- Ақпаратқа қол жеткізу туралы заң) 1-бабы 11-1)-тармақшасына сәйкес, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бірінші басшыларының блог-платформасы – азаматтардың сұрау салуларды жіберу және мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бірінші басшыларынан оларға жауаптар алу мүмкіндігін қамтамасыз ететін "электрондық үкімет" веб-порталының құрамдасы болып табылады. Ақпаратқа қол жеткізу туралы заңның 9-бабы 2-тармағы 1)-тармақшасына сәйкес, ақпарат иеленуші ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етуге міндетті. Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 91-бабының 1-бөлігіне сәйкес, Әкімшілік рәсімге қатысушы әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен әкімшілік актіні қабылдауға байланысты емес әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасауға құқылы. Сонымен қатар, Кодекстің 127-бабы 3-бөлігіне сәйкес, сот процестік құқықтарды теріс пайдаланатын немесе процестік міндеттерді орындамайтын тұлғаға, оның ішінде сот белгілеген мерзімді дәлелсіз себептермен бұза отырып дәлелдер ұсынылған, тапсырмалар орындалған жағдайларда, егер бұл әкімшілік істі қараудың созылуына алып келсе, әрбір әрекет (әрекетсіздік) үшін он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалай өндіріп алуды қолдануға құқылы екенін ескертемін. Жоғарыда баяндалғандардың негізінде менің Жолданыма тиісті жауап беруді қамтамассыз етіулеріңізді сұраймын. Аталған өтініш орындалмаған жағдайда Әкімшілік сот ісін жүргізу бойыншаі мамандандырылған соқта талап қою арқылы жауап алуға мәжбүр боламын.

  • Ибрагимов Мұхаметхан
  • Қаржы
  • 11.01.2022
  • 82
  • Өтініш нөмірі 721725

Жауаптар (1)

Әріпханов А.Ә. 25.01.2022, 10:30

Құрметті Мұхаметхан!

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31.12.2019 жылғы №1054 қаулысымен бекітілген «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде «ЖАО әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін іске асыру» бағыты (бұдан әрі – ЖАО кредиттік тұрғын үйі) қолданылады.

Банктің ішкі құжаты «Отбасы банк» АҚ-да (бұдан әрі - Банк) «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының «ЖАО әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін іске асыру» бағыты бойынша техникалық тәртіп (бұдан әрі - Техникалық тәртіп) болып табылады.

Техникалық тәртіптің 17-бабының 130-тармағына сәйкес жылжымайтын мүлік порталының жеке кабинетінде тұрғын үйді таңдау Мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтерді броньдауға өтініш беру арқылы жүзеге асырылады және OTP-кодпен расталады.

Тұрғын үйдің (пәтердің) 1 бірлігін броньдауға өтініш беруді бір мезгілде бірнеше кандидат жылжымайтын мүлік порталында белгіленген броньдау кезеңіне сәйкес жүзеге асыра алады.

Бұл ретте, пәтерлер үшін тұрғын үйді брондау кезеңі 10 (он) бірліктен кем болып ағымдағы күннің сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша) белгіленеді. Егер пәтерлер саны 10 бірліктен асатын болса, уақыт сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін белгіленеді.

Өтініш берген кезде клиент ТҚЖ бірнеше салымдарын таңдай алады және өтініш берген сәтте сыйақылар қосылады.

Жылжымайтын мүлік порталы өтініш берген сәтте тікелей сатуға қатысатын салымға есептелген сыйақы сомасына қарай (жинақ шотындағы есептелген сыйақы сомасы неғұрлым жоғары болса, объектідегі осы пәтерді таңдауға басымдық соғұрлым жоғары болады) кандидаттардың тізімін автоматты түрде саралайды. Бұл ретте, егер брондау кезінде ТҚЖ туралы бірнеше шарт мәлімделсе, жүйе 3 (үш) жылға дейінгі мемлекет сыйлықақысын қоспағанда, жинақ шотындағы және сыйақы шотындағы сыйақының жалпы сомасын жинақтайды. Тізім бойынша келесі кандидаттар, бірінші кандидаттан кейін, егер бірінші кандидат өтініштің күшін жойса немесе біліктіліктен өтпесе, брондалған пәтерге құқығын сақтайды. Тізім бойынша келесі кандидатқа Банктің интернет-ресурсының жеке кабинетінде біліктілікке шақыру туралы хабарлама автоматты түрде жіберіледі.

Түркістан қ., Жаңа қала ш/а, Шымкент тас жолы көшесі, №12/1 үй орналасқан нысан бойынша өтінімдерді қабылдаудың басталу күні мен мерзімі - 07.07.2021 ж. сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін.

Өтініштерді беру Банктің baspana.kz. интернет-ресурсында жүзеге асырылды.

Осы объектіде сатылатын пәтерлердің барлығы – 7, оның ішінде - 6 бір бөлмелі және 1 екі бөлмелі пәтер.

Құны 6 786 000 теңгеге дейінгі №44 бір бөлмелі пәтерге (бұдан әрі – №44 пәтер) 7 өтініш берілді.

Кандидаттарды іріктеу Банктің ішкі құжаттарына қатаң сәйкестікте жүзеге асырылғанына назар аударамыз, яғни жылжымайтын мүлік порталы тікелей сатуға қатысатын салымға есептелген сыйақы сомасына қарай кандидаттардың тізімін автоматты түрде өңдеді (жинақ шотындағы есептелген сыйақы сомасы неғұрлым жоғары болса, объектідегі осы пәтерді таңдауға басымдық соғұрлым жоғары болады).

Сіз көрсеткен объектідегі пәтерлерді сату процесі аяқталғаны туралы қосымша хабарлаймыз.

30.12.2021 жылы Банк Сізге оның тікелей сатылымға қатысу рәсіміне қатысты үндеуіне №09/1-19-10/25390 шығыс хатты жолдады.

Сонымен қатар, 24.01.2022 жылы Сізге Банк қызметкері +7-707-171-57-57 ұялы нөмірі бойынша телефон қоңырауын соғып, Түркістан қ., Жаңа қала ш.а., Шымкент тас жолы көшесі, №12/1 үй мекенжайында орналасқан объектідегі пәтерлерді сату нәтижелері бойынша қосымша кеңес берді.

baspana.kz жылжымайтын мүлік порталында туындаған техникалық себеп бойынша тікелей сату шеңберінде берілген өтінімдер бойынша Банк Сіздің Бағдарламаға қатысуға берген өтінімінің күшін жойған жоқ.

Алайда, бұл себеп Бағдарламаға қатысқан кандидаттар тізімін саралау нәтижелеріне әсер еткен жоқ.

  • Құрметті өтініш авторы, Сізден МO ұсынған жауапты бағалауыңызды және түсініктеме ретінде себебін көрсетуді сұраймыз

Шарлапаев Қ.Б.

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы

Шарлапаев Қ.Б.

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы (СІО)
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • МО басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Нұр - Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: sd@nitec.kz

    Яндекс.Метрика