- Блогтар
- Мусин Б.Б.
- Өтініш
Мусин Б.Б.
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Құрметті Бағдат Мусин мырза! Мен-Кушкарбеков Ералы, Түркістан облысы, Арыс қаласы, Қожатоғай ауыл округы, Шөгірлі елді мекенінің тұрғынымын және осы елді мекенде орналасқан А.Макаренко атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің директоры қызметін атқарамын.Біздегі басты проблеманың бірі- осы елді мекен аумағында ұялы байланыс пен интернет желісінің қызметінің төмен дәрежеде екендігі. Осы проблеманың әсерінен ауыл тұрғындары, оның ішінде мектепте қызмет атқаратын ұстаздар, білім алушы шәкірттер, олардың ата-аналары, қашықтықтан кез-келген мемлекеттік, коммерциялық қызметті, білім порталдарының қызметтерін пайдаланғысы келетін, бір-бірімен ұялы байланыс арқылы хабарласу мүмкіндігіне жете алмай әрбір тұрғын,азаматтар қиыншылық көруде. Осы Шөгірлі елді мекенінде өткен 2021 жылдың соңына таман AKTIV байланыс операторының станциясы құрылған болатын, оның жұмысы әлі күнге дейін тұрақсыз, Beeline байланыс операторының көрші ауылдардан келетін сигналы өте әлсіз, біраз тұрғынның үйінде Қазақтелекомның EVDO спутниктік байланыс нүктелері бар, бірақ оның жылдамдығы 100 КБ/ сек.-тен асқан емес.Мектебімізде АСТЕЛ фирмасымен келісім шарт негізінде орнатылған спутниктік байланыс жүйесі жұмыс істеп тұр.Алайда, АСТЕЛ фирмасы келісім-шартта айына 10 Гб көлемінде, жылдамдық 0-4 МБ/сек.-ке дейін берілетін лимиттік тариф көрсетілгенін ескертіп, алдағы уақытта келісім-шартқа өзгеріс енгізілмесе,айдың соңына лимит біткен соң келесі айға дейін амалдауға тура келетінін айтып отырады. Осы жағдайға байланысты білім беру процесіне қатысты, әкімшілік жасауға, қашықтықтан жүргізілетін білім жүйесінің порталдарына кіріп жұмыс жүргізу мүмкіндігіне мектеп қызметкерлері, шәкірттер қол жеткізе алмай қалады. Осы жоғарыда көрсетілген жағдайларға сәйкес, Құрметті Бағдат Мусин мырза, сізден қалыптасқан жағдайларды оңалтуға, ауыл тұрғындарының, студенттер және оқушылар, мұғалімдердің заманауи тұрғыда ақпараттық және коммуникативтік технологияларды пайдалануына ықпал жасауыңызды сұраймын.
Файлдар:
- КУШКАРБЕКОВ ЕРАЛЫ
- Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар
- 20.01.2022
- 76
- Өтініш нөмірі 723033
Мусин Б.Б. 10.02.2022, 03:26
Сәлеметсіз бе, Ералы! Интернетке қол жеткізу қызметтерін көрсету туралы шарт оператор мен абонент арасында Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген тәртіппен жасалады. Шартта жалпы ережелер, шарттың мәні, шартты өзгерту және бұзу талаптары, сондай-ақ тараптардың құқықтары мен міндеттері көрсетіледі. ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 18-бабына сәйкес кәсіпкерлік субъектілерінің ісіне араласуға жол берілмейді. Осылайша, егер сіз шарттың талаптарына қанағаттанбасаңыз, сіз көрсетілген шартты бұзуға құқығыңыз бар. Ұялы байланыс операторларына қатысты жоспардан тыс тексерулер жүргізу үшін Министрліктің Телекоммуникациялар комитетінің немесе Шымкент қаласы және Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясының электрондық үкімет порталы арқылы өтініш жолдау қажет екенін қосымша хабарлаймыз. «Министрдің блогы» платформасына берілген өтініш бойынша тексеруді прокуратура органдарында тіркеу мүмкін емес. Шағымды алғаннан кейін уәкілетті орган тексеру жүргізетін болады, көрсетілетін байланыс қызметтері сапасының бұзылуы анықталған жағдайда операторға қатысты айыппұл түрінде әкімшілік хаттама жасалады және бұзушылықтарды жоюды талап ете отырып нұсқама енгізіледі. Құрметпен, вице-министр Асхат Оразбек.