• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
  • Портал туралы
    • Талдау
  • МО басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

МО басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • МО басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Мусин К.С.
  • Өтініш
Мусин К.С.

ҚР Әдiлет министрi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

ҚР Әділет Министрі Қ. Мусинге Шалбол Өркен Санатұлынан Құрметті Қанат Сергейұлы! Нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері (қайшылықтар, кемшіліктер, дискрециялық нормалар) туралы Қызылорда қаласының әкімдігімен «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 30 маусымдағы Заңына сәйкес «Экологиялық дағдарыс аймағы статусын алған аумақта 1975 жылдан бастап осы кезге дейін кемінде 15 жыл тұрып жатқан немесе тұрған азаматтар туралы» анықтама беріледі. Аталған анықтамаға сәйкес экологиялық дағдарыс салдарынан зардап шеккен азаматтарға Заң негізінде жеңілдіктер қарастырылған. Бұл ретте, аталған Заңның 9-бабында экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен тұратын жері және экологиялық қасірет аймағындағы бұрынғы тұрған жері бойынша жүзеге асырылады. Алайда, экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу тәртібі Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленбеген. Дегенмен, әкімдік аппаратының функционалдық міндеттерінде «Экологиялық дағдарыс аймағы статусын алған аумақта 1975 жылдан бастап осы кезге дейін кемінде 15 жыл тұрып жатқан немесе тұрған азаматтар туралы» анықтама беру көрсетілмеседе (Дискрециялық өкілеттіліктердің кеңдігі) Қызылорда облысы аумағында тұратын және туған тұрғындар аталған анықтаманы жергілікті уәкілетті органдардар (әкімдіктерден) талап етуде. Осыған сәйкес, жоғарыдағылардың негізінде «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 30 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметімен экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу тәртібін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер қабылдау бойынша тиісті шаралар қабылдауыңызды сұраймыз. 21.01.2022 жыл

Файлдар:

Әділет МИН.docx

  • Шалбол Өркен
  • Мемлекеттік органдардың жұмысы туралы(мемлекеттік қызмет көрсету)
  • 21.01.2022
  • 196
  • Өтініш нөмірі 723118

Жауаптар (1)

Мусин К.С. 31.01.2022, 03:27

Құрметті Шалбол Өркен! Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу тәртібі бойынша ҚР Үкіметінің құзыреті «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңның 9-тармағында көзделген. Сонымен бірге, жоғарыда аталған Заң Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 17 желтоқсандағы № 1057 (бұдан әрі - № 1057 қаулы) қаулысымен жүзеге асырылғанын назарыңызға саламыз. Алайда, аталған № 1057 қаулы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 наурыздағы № 205 қаулысымен күші жойылған. Осыған орай, ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысымен бекітілген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) туралы Ереженің 1-тармағына сәйкес Министрлік әлеуметтік-еңбек саласындағы басшылықты жүзеге асыратын ҚР мемлекеттік органы болып табылатынын ескере отырып, хатта аталған мәселені шешу үшін Министрлікке жүгінуді ұсынамыз.

  • Құрметті өтініш авторы, Сізден МO ұсынған жауапты бағалауыңызды және түсініктеме ретінде себебін көрсетуді сұраймыз

Мусин К.С.

ҚР Әдiлет министрi

Мусин К.С.

ҚР Әдiлет министрi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы (СІО)
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • МО басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Нұр - Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: sd@nitec.kz

    Яндекс.Метрика