- Блогтар
- Тәшенов Б.К.
- Өтініш
Тәшенов Б.К.
ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Төрағасы
Қайырлы күн Құрметті Бақытбек Кәкімұлы Тәшенов! Сіздің жұмысыңызға мол табыс, жасап жатқан еңбектерің жемісті, оң нәтижелі болуын тілей отырып өзімнің өтініш-сұрау хатымды жолдаймын! Хат қосымша жүктелген файл ішінде.
- Камысбаев Алмат
- Құрылыс, үлескерлер, тұрғын үй мәселелері
- 29.03.2022
- 77
- Өтініш нөмірі 732652
Тәшенов Б.К. 07.04.2022, 11:09
Құрметті Алмат Камысбаев! Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (бұдан әрі - Комитет) Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы мекенжайы бойынша орналасқан пәтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі - РМК) қызметкеріне тұру үшін беру мәселесін қарастыру мақсатында РМК тұрғын үй комиссиясының құрамына енгізу үшін кандидатура ұсынуға қатысты Сіздің 2022 жылғы 5 сәуірдегі № 732652 өтінішіңізді қарап, мынаны хабарлайды. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 11 қарашадағы № 489 бұйрығымен бекітілген Комитет туралы ережеге сәйкес тұрғын үй мәселелерін, оның ішінде мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді пайдалануға беру мәселелерін қарау Комитеттің құзыретіне кірмейді. Сонымен қатар мыналарды атап өткенді жөн деп санаймыз. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 7 маусымдағы № 237 бұйрығымен бекітілген Жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй комиссиялары туралы үлгі ереженің (бұдан әрі - Үлгі ереже) 2-тармағына сәйкес тұрғын үй беретін жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер уәкілетті орган болып табылады. Осылайша бұндай жағдайда Үлгі ережеге қатысты уәкілетті орган болып оның теңгеріміндегі тұрғын үйді пайдалануға беруді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорын болып табылады. Тұрғын үй комиссиясының құрамына енгізілуге жататын лауазымды адамдар тобы Үлгі ереженің 4-тармағында айқындалған, бұл ретте мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның (Комитеттің немесе оның аумақтық органының) өкілін тұрғын үй комиссиясының құрамына енгізу туралы талап Үлгі ережеде жоқ. Сонымен бірге «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 60-бабының 3-тармағына сәйкес осы Заңның 7-бабы 2-тармағының 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген нормативтік құқықтық актілерге ресми түсіндірмені оларды қабылдаған (шығарған) уәкілетті органдар немесе лауазымды адамдар беретінін атап өтеміз. Осыған байланысты Үлгі ереженің нормаларын қолдануда сұрақтар мен түсініксіздіктер туындаған жағдайда, Сізге түсініктеме алу үшін тұрғын үй қатынастары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне жүгіну қажет. Шешіммен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабына сәйкес сіздің оған шағымдануыңызға құқығыңыз бар.