• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
  • Портал туралы
    • Талдау
  • МО басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

МО басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • МО басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нұрғалиев Е.Ж.
  • Өтініш
Нұрғалиев Е.Ж.

ҚР ЕХӘҚМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Е.Ж.Нұрғалиевке Мен, Акишев Тілеухан Жұмабайұлы, 1989-1992 жылдар аралығында Ресей Федерациясы Приморск өлкесі Ольга ауданы Ракушка поселкесінде атом су асты қайығына тиесілі (К-134) №09667 әскери бөлімшесінде әскери борышымды атқардым. Аталған жерге 2013-2018 жылдар аралығында бірнеше рет сұрау салынып, жан-жақты зерделеп, алынған жауаптар негізінде Нұр-Сұлтан қаласының әскери комиссариатының Қазақстан Республикасының заңнамаларымен бекітілген жеңілдіктер алуға құқығы бар анықтамасының (мерзімі шектеусіз,) негізінде және Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті комиссиясының шешімімен 20.09.2018 жылдан бастап жәрдемақы тағайындалды. Алайда, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті 2021 жылғы қыркүйектен бастап «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы №322-VI ҚРЗ Заңының 9 және 16 баптарын ескермей, жәрдемақыны негізсіз тоқтатқан. Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің Владивосток қаласы Орталық мұрағатына сұраным хат жіберген, 07.06.2021 жылғы №90-07/667- И және 28.02.2022 жылғы № 452 сұраным хатта радиациялық әскерден зардап шеккендердің тізімі 1993 жылдан бастап қана көрсетілген, мен әскери борышымды атқарған мерзім 1989-1992 жыл аралығы. Аталған органдар берген хаттардың жауабында нақты маған қатысты жылдар көрсетілмеген. Сол себепті, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті комиссиясының 20.09.2018 жылғы шешімін қалдыруыңызды сұраймын. Қосымша, файлдар бөлімінде

Файлдар:

1411.jpg

1414.jpg

Архивная справка Акишев.jpg

Пенсионный 1 Акишев.jpg

Пенсионный 2 Акишев.jpg

Департамент Акишев.jpg

Справка Акишев.jpg

Өтініш департамент Акишев.jpg

из сайта Акишев.jpg

Акишев+Т.+-+жәрдемақы1229173403 (1).docx

  • Акишев Тилеухан
  • Әлеуметтік қамсыздандыру
  • 12.04.2022
  • 236
  • Өтініш нөмірі 734860

Жауаптар (1)

Нұрғалиев Е.Ж. 18.04.2022, 07:36

«Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2020 жылғы 6 мамырдағы Заңының 9 бабына сәйкес ардагерлердің мәртебесiн белгілеу осы Заңға сәйкес айқындалады және Ұлы Отан соғысы жылдарында, бұрынғы КСР Одағын қорғау бойынша ұрыс операциялары кезiнде, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдары кезінде майдандағы армияға, Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысуды, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысуды растайтын анықтамалардың, әскери билеттердiң және өзге де құжаттардың, жаралану, мүгедектiк туралы анықтамалардың, сот-медициналық қорытындылардың негiзiнде белгіленеді. Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің мәртебесін осы құжаттардың негiзiнде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi айқындайды. Бұл ретте «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына cәйкес мәртебесі "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабына сәйкес жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлеу көзделген. Зейнетақы мен жәрдемақыны тағайындайтын уәкілетті орган - Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Департаменті (бұдан әрі – Департамент) болып табылады. «Департаментпен, 04.02.2022 жылғы Нұр – Сұлтан қаласы бойынша Қорғаныс басқармасына шығыс № ЖТ - 2022-01212557 және Тынық мұхит флотындағы Орталық мұрағатқа (Владивосток қ.) шығыс №07-08/63-и сұраухаттары жіберілген болатын. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Қорғаныс басқармасынан Департаменттің мекен-жайына 27.11.2013 жылғы № 240880 шығыс құжатымен Тынық мұхит флотында орталық мұрағатпен берілген құжатында, Сіз, теориялық оқыту курсын бітіргеннен кейін ВУС-369 мамандығы бойынша 09667 әскери бөлімінде матрос дублер ретінде қызмет еткенсіз (40075 ә/б командирінің 1989 жылғы 16 қарашадағы №331бұйрығы). ВУС-369249 маманы 12.05.1992 жылдан бастап запасқа шығарылсын (04.05.1992 жылғы № 124 40075 ә/б командирінің бұйрығы). Тарихи анықтамада ә/б 40075 (құрамында 09667 ә/б болған) 1989 – 1992 жылдар аралығында атом су асты қайығына тиесілі болған. Бұл анықтама қағазында, Сіз, су асты қайығындағы апаттардың салдарын жоюға қатысқандығыңыз туралы, сондай-ақ ядролық сынақтарға қатысқаныңыз туралы көрсетілмеген. Владивосток қаласының орталық мұрағатының ( тынық мұхит флотында) РФ ҚМ-нан 28.02.2022 жылғы № 452 Тынық мұхит флоты Қолбасшысының бұйрықтары бойынша апаттар кезінде радиациялық әсерден зардап шеккен адамдардың тізімінде Т.Д.Акишев жоқ деген жауап алдық. 1993 жылға дейін атом электр станцияларындағы авариялар кезінде радиациялық энергетикалық қондырғылар салдарынан зардап шеккен адамдардың тізімі ТОФ Қолбасшысының бұйрықтары жарияланбаған. Осыған орай, жоғарыдағы заң талаптарына сәйкес Сіз жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер қатарына жататын мәртебеңіз анықталмағандықтан арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлеуге заңды негіздің жоқтығын хабарлаймыз.

  • Құрметті өтініш авторы, Сізден МO ұсынған жауапты бағалауыңызды және түсініктеме ретінде себебін көрсетуді сұраймыз

Нұрғалиев Е.Ж.

ҚР ЕХӘҚМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы

Нұрғалиев Е.Ж.

ҚР ЕХӘҚМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы (СІО)
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • МО басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Нұр - Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: sd@nitec.kz

    Яндекс.Метрика