- Блогтар
- Тынысбеков А.С.
- Өтініш
Тынысбеков А.С.
ҚР СИМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы
Қайырлы күн! Отбасы банкі мемлекеттік тілде қызмет көрсетпейді, телефонға (+77172691180) ресей және ағылшын тілдерінде ғана жауап береді. Осы заңға сәйкес пе? Болмаса заңсыздықтың орын алуына жол беріп отырған кім?
- Амангалиев Мурат
- Мемлекеттік органдардың жұмысы туралы(мемлекеттік қызмет көрсету)
- 18.04.2022
- 98
- Өтініш нөмірі 735747
Тынысбеков А.С. 19.04.2022, 07:15
Құрметті Амангалиев Мурат! Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті (бұдан әрі – Комитет) Сіздің өтінішіңізді қарастырып, келесіні хабарлайды. Сонымен қатар, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңның 5-бабына (бұдан әрі – Заң) сәйкес тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті орган тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін салааралық үйлестіруді жүзеге асырады. Сондай-ақ, Заңның 6-бабы 1), 2), 3)-тармақшаларына сәйкес, мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы жеке немесе заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды, Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасын бұзушыларға жауаптылық шараларын қолданады, Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. Сіздің өтінішіңізді қарастыру және мәселесіңізді шешу, түбегейлі шаралар қабылдау үшін Алматы қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті (бұдан әрі – Департамент) тапсырма берілді. Қарау қорытындысы бойынша жауапты Департамент ұсынатын болады. Сіздің өтінішіңізді қарау барысы туралы ақпаратты алу үшін Департаменттің 8(7272)- 36-51-11 байланыс нөмірлеріне хабарласуыңызға болады.