- Блогтар
- Әшірбеков А.Б.
- Өтініш
Әшірбеков А.Б.
«Аграрлық несиелік корпорация» АҚ Басқарма төрағасы
Ассалаумағалейкум құрметті Алмас Бүркітбайұлы! Менің сауалым жеке кәсіпкер ретінде АНК Түркістан облысының филиалына барып, 6 млн дейін несие бағдарламасы боййынша құжаттар тапсырмақ болып едім, маған менеджерлер қаржы жоқ деп жауап қайтарды. Сізге сауалым, БАҚ-та әлеуметтік желілерде ең маңыздысы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы шағын кәсіпкерлерге млрдтаған қаржы көмек беріледі тапсырмалары орындалмай отырғаны ма? Қаржы қай мезгілде бөлінеді жылдың ортасы болды ғой.
- Кошанов Самат
- Шағын және орта кәсіпкерлік
- 20.04.2022
- 45
- Өтініш нөмірі 736280
Әшірбеков А.Б. 13.05.2022, 07:10
Қайырлы күн. Сіз «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы Шымкент қаласындағы филиалына сәуір айында келіп, несие алу бойынша кеңес алғансыз. Қазіргі таңда «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы үш бағыт бойынша несиеледіру жұмыстарын жүргізеді. Сіздің мақсатыңызға («ГАЗель» автокөлігін алуға) «Іскер» бағдарламасы аясында несие беріледі. «Іскер» бағдарламасы бойынша несиелендіру шарттары: Несиенің сомасы - 6 000 000 (алты миллион) теңгеге дейін; Сыйақы үстемесі – 6 % (несие алушы көп балалы отбасы немесе аз қамтылған отбасы санатына жатқан жағдайда 4 %); Несие мерзімі - 48 (қырық сегіз) айға дейін; Кепіл мүлкі – жылжымалы және жылжымайтын мүлік. Бүгінгі күнде «Іскер» бағдарламасы бойынша қаржыландыру 2017-2021 жылдары жұмыс жасаған Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бұрын берілген және қазіргі таңда қайтарылып жатқан несиелердің қаражатынан қайта қаржыландыру (реинвестиция) арқылы жүзеге асырылады. Несиелендіру қайтарылып жатқан қаражат есебінен болғандықтан несиенің ең ұзақ мерзімі - 48 ай.