- Блогтар
- Нәлібаев Н.М.
- Өтініш
Қайырлы күн! Есімім Алтай Гауһар, Қызылорда қаласының тұрғынымын, бірақ қазір отбасылық жағдайыма байланысты Мәскеу қаласында тұрамын. 2017 жылдың, қазан айының 11 жұлдызында қала әкімінің атына жер учаскесін алу бойынша өтініш қалдырып, кезекке тұрғанмын. Бірақ е-Говтағы жеке парақшамда, жер бойынша Сізден өтініш жоқ деп тұр. Бұл қалай? 2018-2020 жылдар аралығы Мәскеуде тұрдым, одан карантин, Алматы қаласында қызмет істедім, қазір Мәскеудемін, менің қала әкімшілігіне барып немесе телефонмен хабарласып жүруге мүмкіндігім жоқ, маған жазбаша түрде себебін түсіндіріп хат жолдасаңыздар, ары қарайғы менің іс-әрекетім үшін. Жер учаскесінен алынған анықтама хатқа тіркелді.
- Алтай Гауһар
- Жер мәселелері
- 04.05.2022
- 84
- Өтініш нөмірі 738256
Жауаптар (2)
Нәлібаев Н.М. 05.05.2022, 01:33
Сіздің өтінішіңіз қаралуда. Нәтижесі қосымша хабарланатын болады.
Нәлібаев Н.М. 01.06.2022, 10:37
Құрметті Гаухар ханым! Сіздің электронды үкімет порталы арқылы облыс әкімінің атына жолдаған сауалыңызға сәйкес, төмендегіні хабарлаймыз. Аталған сауалда, egov.kz мемлекеттік қызметтер және онлайн ақпарат порталында ҚР Жер кодексінің 44 бабына сәйкес, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін алуға жазған өтініштер кезектілік тізбесінде Сіздің өтінішіңіз көрсетілмегендігін білдірген болатынсыз. Алайда, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2022 жылғы 4 наурыздағы № 19-3-12/748-И тапсырмасына сәйкес, ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастап электронды үкімет порталында egov.kz сайтында жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезекке қою қызметі, сондай-ақ деректерді өзектендіру қызметі тоқтатылған. Сондай-ақ, Сіздің осыған дейін жер телімін сұрап жазған өтінішіңіз біріңғай кезектіліктің тізбесінде 2007 жылғы 12 қарашада (қала әкімдігіне кіріс 14636) нөмірімен тіркелген. Қазіргі уақытта, электронды үкімет порталында egov.kz сайтында жер учаскелерін алуға өтініш берген азаматтардың тізімін өзектендіру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, аталған тізім бойынша кезектілікті анықтау үшін Қызылорда қаласының жер қатынастары бөлімі (Мұстафа Шоқай көшесі, № 147 байланыс тел: 24-70-70, 24-78-73) білуге болатындығын білдіреміз. Әкімшілік рәсімге қатысушы ретінде «Қазақстан Республикасының Әкімшілік Рәсімдік-Процестік Кодексі» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы Кодексінің 91-бабының талаптарына сәйкес шағым жасауға құқылы екендігіңізді мәлімдейміз.