- Блогтар
- Аймағамбетов А.Қ.
- Өтініш
Сәлеметсіздерме. Жаңартылған мазмұнда оқып жатқан география оқулығы туралы ұсыныстар. Біздің қолымыздағы география оқулықтары: 7 – сынып, География, 1-2 бөлім, Алматы кітап, 2017 ж, 8 – сынып, География, Мектеп, 2018 жыл, 9 - сынып, География, 1-2 бөлім, География, Мектеп, 2019 жыл, 10 – сынып, География, Мектеп, 2019 жыл, 11 – сынып, География, Мектеп, 2020 жыл Кітаптағы кейбір мәліметтерге мысалдар. 1. 7-сынып, 2 – бөлім,. 70 бет, 2-кесте, дүниежүзіде саны бойынша алдыңғы орындарды алатын үнді тіл семьясы (Үнді – хинди, урду, бенгал, маратхи) кестеге кірмеген. 2. 7-сынып, 2 – бөлім, 108 бет Югославия деп тұр, Югославияның ыдырағанына 20 жылға жуық уақыт болады (2003 – 2022 жж). 3. 7- сынып, 2 – бөлім,.144 бет. «Ауылшаруашылық салалары» тірексызбасында шай – дәнді - дақыл деп тұр, 4. 8 - сынып, 74 бет, 11 сурет, субдукция мен спрединг суреттері ауысып кеткен. 5. 9 - сынып, Екі бөлімде де «Қазақстан ауыл шаруашылығы» тақырыбы мүлде жоқ. 6. 9 – сынып, ІІ – бөлім, 54 - отын өнеркәсібі басқа өнеркәсіптер (44, 45, 46, 47 – тақырыптармен қатар) бірге тұрғаны жүйелірек болушы еді. Жалпы 9.5.1 – ді «Табиғат ресурстары» - деп емес «Табиғат ресурстары және өнеркәсіп салалары», - деп алған дұрыспа деймін, өйткені 9.5.1 – де 7 тақырыптың 4-уі, яғни жартысынан көбі өнеркәсіптер туралы. 7. 9 – сынып, І бөлім, 5 бет. Шоқан Уалиханов 1856-1857 жж Қажғарға барды деп тұр, Шоқан Қажғарға 1858-1859 жж барған, Шоқан Қажғарға екі рет бармаған. 8. 9 – сынып, І бөлім, 120 бет бекіре балығы мекіре деп тұр, 9. 9 – сынып, І бөлім, 162 бет, конфессия сөзі концессия деп тұр, 10. 9 – сынып, І бөлім, 188-189 бет, 4 қосымша, Наурызым қорығы ЮНЕСКО – ға тіркелген деп тұр, ЮНЕСКО – ға тіркелген Қорғалжын қорығы, 11. 9 – сынып, І бөлім, 172 бет Оазис – мәдени ландшафт деп тұр, оазис – табиғи ландшафт. 12. 9 - сынып, І бөлім, 23 бет, «жол салушылыр мен құрлысшыларға бюждеттен бөлінген қаржының 40-50 % ғана жетеді» - деп тұр, сөйлемдерді мағынасына мән беріп жазған дұрыспа деп ойлаймын. 13. ІІ бөлім, 63 бет, Қарағанды облысы Осакаровка елді мекенінде музыкалық аппаратуралар жасалады деп тұр, музыкалық аспаптар жасалады. 14. 2018 жылдан бері қарай мектеп оқушылары «Қазақстан ауылшаруашылығы туралы» оқымай келе жатыр. Әлемде жер көлемі бойынша 9 орын алатын ұлан-байтық жерімізде әр түрлі ауыл шаруашылғы салалары дамыған. Жоқ дегенде үш тақырып ауылшаруашылығына арналғаны дұрыс болар еді. 15. Әріптен кеткен қателіктер де баршылық, жалғау, жұрнақтар дұрыс қойылмағандықтан байланысы жоқ сөйлемдерде жетерлік. Орыс не басқа тілден тура аударма жасап қоя салынған бір бірімен байланысы жоқ сөйлем, абзацтар да ап-айқын көрініп тұр. Ұсыныстар: 1. Кітаптардағы олқылықтардың орнын уақытымызға қарай мүмкіндігінше толықтырып оқытып жатырмыз. Себібі, мұғалім санасатын, есептесетін, жауапкершіліктен басын ала қашатын адам емес. Әрине кітап жазған оңай емес. Дегенмен де қазіргі мектеп методикасы білімді оқушылар негізінен өздігінен меңгеретіндігін ескерсек дұрыс емес мәлімет, әрептен қате кеткен сөздер, мағынасы түсініксіз сөйлемдер, сөйлемдері байланыспайтын мәтін бөлімдері (абзац) тек кері әсер етеді деген ойдамын. Адамның психологиясы өте күрделі құбылыс екенін бәріміз білеміз, әсіресе жас жеткіншектердің алғаш рет естуі, көруі, түсінуі, тыңдауы арқылы қалптасатын дүниетанмына олқылығы көп оқулық шатасуға, ұқпауға, ойын шашыратуға, дұрыс түсінік қалыптаспауына алып келері сөзсіз. Әсіресе география пәнін таңдап ҰБТ – ге кіретін оқушылардың дайындығы алаңдатады. Болашақта шығатын оқулықтарға аса мән беріп, жіті қадағалауларыңызды сұраймын. 2. Мұғалімдерге де сабақ беретін сыныптары бойынша бір-бір кітап берілсе, жыл соңында оқушылармен қоса өткізіп отырамыз. Бала оқып отырған оқулықпен бірдей кітапты ашып отырсақ оқыту әлде қайда тиімдірек болар еді. 3. Бір баспадан шыққан оқулықтар оқысақ дұрыс болар еді. «Атамұра» баспасынан шыққан 9 - сынып оқулығында (орыс сыныптарына арналған оқулықта) «Қақастан ауылшаруашылығы салалары» тарауы бар екен. 4. Оқулықтар бір сыныпқа бір бөлімді (бір кітап) қана болса. Оқу жылының екінші жартысында бірінші жарты жылдықта оқыған тақырыптарды ашып қарайтын, еске түсіру керек кездер өте көп, сондай кезде қыйындықтар тудырады екен. 5. Бұл олқылықтардың біразын кейбір оқулықтардың электронды почтасына жібергем, жауап болмады, содан кейін осында жазып отырмын. Назарларыңға рахмет, жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін Камешова Толқын Сансызбайқызы, ШҚО, Үржар ауданы, Мақаншы ауылы, «Мақаншы орта - мектеп» КММ география пәнінің мұғалімі.
Файлдар:
- Камешова Толкын
- Білім
- 10.05.2022
- 160
- Өтініш нөмірі 738633
Аймағамбетов А.Қ. 11.05.2022, 11:48
Қайырлы күн!
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Сізге жас ұрпақтың біліміне бей-жай қарамай, оқулық сапасына қатысты берген ұсыныстарыңызға алғысын білдіре отырып, төмендегіні хабарлайды.
Мектеп оқулықтары және оның сапасы жөніндегі мәселе - бұл Білім және ғылым министрлігінің күн тәртібінен түспей келе жатқан мәселелердің бірі.
Қазіргі уақытта балама ретінде әр баспадан шығарылған оқулықтар бір оқу бағдарламасы негізінде жазылады, тек оқу материалының берілу әдістемесі, тапсырмалар әр түрлі болуы мүмкін. Алайда оқу бағдарламасы бойынша көзделген оқу мақсаттары мақсаттар бірдей. Осыған орай, бір пәннен бірнеше балама оқулықтардың болуы оқулықтардың сапасының арттыратынын айта кетуіміз керек.
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясында барлық сыныптар, пән бойынша типтік үлгілік бағдарламаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде. Осыған сәйкес үлгілік типтік бағдарлама бекітілгеннен соң, бағдарламаға сәйкес оқулықтар әзірлеуде Сіздің ұсыныстарыңыз ескерілетін болады.