• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
  • Портал туралы
    • Талдау
  • МО басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

МО басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • МО басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
  • Өтініш
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

қызым Қонысбаева Насипаға еміне материалдық көмек көрсетуді сұраймын

Файлдар:

55555555555555555555555555555555555555555555555555555555.pdf

  • Муратбаева Джанагуль
  • Денсаулық сақтау
  • 13.05.2022
  • 71
  • Өтініш нөмірі 739258

Жауаптар (3)

Нәлібаев Н.М. 04.06.2022, 05:34

Қызыңыз Конысбаева Насиба 25.02.1993 ж.т. «Бекітілген халық тіркелімі» медициналық ақпараттық жүйесі бойынша «№3 қалалық емханасы» ШЖҚ КМК-на (әрі қарай – Емхана) тіркелген. 2021 жылдан бастап «Терминальная стадия поражения почек. 5 стадия. Хроническая почечная недостаточность 5 степени. Серопозитивный ревматоидный артрит. Вторичная гиперпаратиреоидная остеодистрофия на фоне ХПН с разрушением костей скелета»» диагноздарымен диспансерлікте есепте тұрады. 2021 жылдың 13 қазанынан бастап I топ мүгедектігі тағайындалған. «Қазақстан Республикасының халқына нефрологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 765 бұйрығына сәйкес амбулаториялық-емханалық, стационарлық, стационарды алмастыру деңгейінде медициналық көмек көрсетіліп, 2021 жылдың 25 тамызынан бастап «Хроническая почечная недостаточность 5 степени» диагнозымен аптасына 12 сағат бағдарламалық бикарбонатты гемодиализ жүргізілуде. Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы №ҚР ДСМ - 75 бұйрығына сәйкес тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуде. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі №360-VI ҚРЗ Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 209-бабына сәйкес, ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) адамға (ықтимал реципиентке) одан әрі трансплантаттау мақсатында алу тірі адамнан (тірі кезіндегі донордан) немесе қайтыс болған адамнан (қайтыс болғаннан кейінгі донордан) жүргізіледі. Кодекстің 210-бабына сәйкес, он сегіз жастағы және одан үлкен, әрекетке қабілетті, реципиентпен генетикалық байланыстағы және (немесе) онымен тіні үйлесетін, ағзасын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін) одан әрі трансплантаттау үшін алуға жазбаша нотариат куәландырған келісімін білдірген адам ағзаның (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) тірі кезінде доноры бола алады. «Трансплантаттау жүргізу үшін ықтимал реципиент пен тірі кезіндегі донор арасындағы генетикалық байланысты анықтау жөніндегі этикалық комиссия туралы ережені бекіту» туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-318/2020 бұйрығына (бұдан әрі – Бұйрық) сәйкес транспланттау жүргізу үшін ықтимал реципиент пен тірі кезіндегі донор арасындағы генетикалық байланысты анықтау үшін Этикалық комиссия негізінде жүзеге асырылады. Сонымен қатар, Бұйрықтың 1-тарау 4-тармағына сәйкес, генетикалық байланыс ықтимал реципиент пен тірі кезіндегі донор арасындағы туыстықты көрсететін, растайтын құжаттардың негізінде белгіленген арғы атасы мен әжесіне дейін ортақ ата - бабасы бар адамдардың туыстық байланысы деп түсіндіріледі. Осыған орай, генетикалық туыстас донор болған жағдайда азаматша Конысбаева Насиба бүйрек трансплантациясы үшін кез келген транспланттау орталығына жүгінуге құқылы екендігін хабарлаймыз. Сонымен қатар, қызыңыз Конысбаева Насиба қазіргі таңда Тараз қаласында ем алуда.

  • Құрметті өтініш авторы, Сізден МO ұсынған жауапты бағалауыңызды және түсініктеме ретінде себебін көрсетуді сұраймыз

Нәлібаев Н.М. 03.06.2022, 05:11

Құрметті Жанагүл Мұратбаева, Сіздің 13.05.2022 жылғы облыс әкімінің блог-платформасына жазған өтінішіңіз бойынша келесіні назарыңызға жеткіземіз. Қазіргі уақытта қызыңыз Н.Конысбаеваға Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы №126 «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы туралы» Заңына сәйкес мүгедектігіне байланысты мемлекеттік жәрдемақы уақытылы төленуде. Өзіңізге отбасының тұрмыс жағдайына байланысты «Зекет» қоғамдық қоры арқылы ағымдағы жылы сәуір айында азық-түліктей көмек көрсетілген және «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорының сайтына www.qazaqstanhalqyna.kz өтініш беруіне болатындығы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Н.Конысбаеваның еміне байланысты қаржылай көмек беру мәселесі бойынша бюджеттен қаржы қарастырылмағандығын мәлімдейміз.

  • Құрметті өтініш авторы, Сізден МO ұсынған жауапты бағалауыңызды және түсініктеме ретінде себебін көрсетуді сұраймыз

Нәлібаев Н.М. 13.05.2022, 07:20

Сіздің өтінішіңіз қаралуда. Нәтижесі қосымша хабарланатын болады.

  • Құрметті өтініш авторы, Сізден МO ұсынған жауапты бағалауыңызды және түсініктеме ретінде себебін көрсетуді сұраймыз

Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы (СІО)
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • МО басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Нұр - Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: sd@nitec.kz

    Яндекс.Метрика