- Блогтар
- Ажар Ғиният
- Өтініш
Саламатсыз ба? Менің балам дәрігерлік колледжі биыл мейіргер ісі мамандығы бойынша бітіреді. Маусым айында қысқартылған жобамен Мед.академияға тест тапсырады өз мамандығы бойынша , мейіргер ісі. Егер мед,академияға түскен жағдайда бірінші курстан кейін дәрігерлік мамандық дайындайтын факульеьіке ауысуына болады ма? Рахмет. Құрметпен Медеубаева Саблиля Шимкеновна.
- Медеубаева Сабила
- Білім
- 24.05.2022
- 49
- Өтініш нөмірі 740862/1
Ажар Ғиният 09.06.2022, 09:49
Құрметті Сәбила! Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті, Сіздің өтінішіңізді қарап, өз құзыреті шегінде мынаны хабарлайды. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына колледж түлектерін қабылдау, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығымен бекітілген) (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар). Үлгілік қағидаларға сәйкес республикалық бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру грантын беру және (немесе) ақылы оқуға қабылдау конкурсына қатысу үшін Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтіп, кемінде 70 балл жинау қажет. Колледжден, жоғары оқу орнына ауыстыру бөлігінде туындаған мәселелер бойынша тұрғылықты жеріне байланысты білім беру ұйымына жугіну қажет.