- Блогтар
- Нәлібаев Н.М.
- Өтініш
Мен, Берікұлы Айқұт, Қызылорда облысы, Арал қаласы, Бәйімбетов көшесінің тұрғынымын. Бізде өткен жылдары қаланың біз жақ бөлігіндегі барлық көшеге асфальт төседі, тек біздің көшеге ғана істемей кетті және әзір істейтін ойлары жоқ секілді. Біздің көшенің жолдары қаламыздағы ең нашар жолдардың бірі, тіпті жаңбыр жауған күндері көше ортасына үлкен су жиналып машиналар өте алмайтындай деңгейгі жетеді. Жолдың нашарлығынан бүкіл машиналар салдырап қалып жатыр. Неге біздің ғана көшеге асфальт төсемей кетті деген сұраққа жауап іздеп жүрміз және әзірше ешкім жауап бере алмай жатыр. Осы мәселені шешіп берсеңіздер, Жаңа Қазақстанмен бірге біздің көшеге жаңа жол келеді деген үміттеміз.
- Беріков Айқұт
- Құрылыс, үлескерлер, тұрғын үй мәселелері
- 26.05.2022
- 93
- Өтініш нөмірі 741045/1
Жауаптар (2)
Нәлібаев Н.М. 26.05.2022, 12:20
Сіздің өтінішіңіз қаралуда. Нәтижесі қосымша хабарланатын болады.
Нәлібаев Н.М. 14.06.2022, 04:13
Сіздің облыс әкімінің атына жол мәселесіне байланысты өтінішіңізге сәйкес келесіні білдіреді. Арал қаласы көшелерінің ұзындығы 133,20 шақырымды құраса, оның 40,84 шақырымы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда, қалғаны топырақты (қара жол) болып табылады. Биылғы жоспарымызда өткен жылы басталған жобаларды (9,75 шқ, 10 көше) толық аяқтап, пайдалануға беру. Сондай-ақ, Өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (моно және шағын қалаларды дамыту бойынша) аясында 12,5 шақырым болатын 17 көшенің автожолының құрылысына қаржы бөлу жөнінде салалық басқармалар мен министрліктерге бюджеттік өтінім тапсырылды. Осы жобаларды аяқтағаннан кейін, яғни келер жылы қаладағы асфальт жабындысын қажет ететін басқа да көшелерге жоба-сметалық құжаттамалар әзірленіп, тиісті жұмыстар жүргізілетін болады. Бүгінгі күні қала тұрғындарынан осындай жолға байланысты өтініштер көптеп түсуде. Алайда автожол салу жұмыстары қомақты қаржыны қажет ететіндіктен барлығын бірден шешу мүмкін болмауда. Дегенмен өтініште қозғалған М. Бәйімбетов көшесінің автожолы аудан әкімдігінің тұрақты бақылауында. Осы берілген жауаппен келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабына сәйкес Сіз әкімшілік актіге әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағымдануға құқылысыз.