- Блогтар
- Ахметжанов М.М.
- Өтініш
(Алаяқтық дерегі бойынша шағым) Құрметті Ішкі Істер Министрі Марат Ахметжанов мырза. Біздің "Адам құқықтарын қорғау" ұйымына Алматы Облысының және Алматы қаласының тұрғындары шағымданды. Тізімі 1.Сәкен Ақатай 650.000тг 2.Күләш сыман 650.000тг 3.Сұлтанмұрат Рақыш 650.000тг 4.Қалия Түшай 650.000 5.ZHUMAHAN WURNIHEBAI 650.000 6.KULIBAZHA NUREHEMAITI 650.000 7.Бисағат Аслбек 400.000 8.Зупан Долкын 650.000 9.Жакен Гулсым 650.000 10.Долкын Орлен 650.000 11.Адал Мейіргүл 650.000 12.Қажыбек Майра 700.000 13.Солтан Ерболат 500.000 14.Қадікен Азатхан 500.000 15.Қақар Кулімхан 550.000 16.Қанас Мұса 650.000 17.Мадина Сағымқан 650.000 18.Сағидолла Айнұр 650.000 19.Төкен Сағай 650.000 20.Айша Абеу 650.000 21.Тоқтарқан Айбар 650.000 22.Тоқтар Қабдыраш 600000 23.Зұмар Тоқтар 600000 24.Қаймұрат Сәкен 650.000 25.Бахар Кесайхан 26.Назерке Чакан 27.Жансерік Чакан Общий 1750.000. Олар өз шағымдарында. Алматы қаласы Төле би көшесі 273/8 үй 48 пәтер тұрғыны 1981 жылы туылған Мамбетова Ләйла Багдатовна есімді азаматша. Қазақстан Республикасының аумағында Төтенше жағдай мен Карантиндік шектеулер енгізілген кезде. Қытақ Халық Республикасынан әр түрлі себеппен келгендер қайтып кете алмай, Ал қыдырып барғысы келгендер бара алмай қалған. Содан жарнама бойынша өзін «CHART TRAVEL» ЖШС мекемесінің өкілі екенін Қытай Халық Республикасына тез жету үшін Алматы-Урумчи әуе бағытына ұшаққа арзан бағада билеттер бар деп сенімдеріне кіріп жоғарыда көрсетілген әр түрлі сомаларды ала бастаған. Қазіргі таңда бұл мәселе бойынша қылмыстық іс қозғалып, істің бір бөлігі Алматы қалалық сотында қаралып, бір бөлігі Алматы қаласы Бостандық ауданы Полиция Басқармасының өндірісінде. Осы мәселе бойынша Алматы қаласы Полиция Басқармасының өндірісіндегі қылмыстық іске жоғарыдағы азаматтар мен азаматшаларды жәбірленуші деп тануды. Қылмыстық іске қосылмай қалған арызданушыларды қосуды. Жоғарыдағы арызданушылардың арасындағы қылмыстық іс бойынша жәбірленушілердің сотта қаралып қойылған істері болса, жәбірленушілерге жазбаша хабарлама беруді және жан-жақты құқықтық көмек көрсетуді сұраймын. "Адам құқықтарын қорғау" ұйымының директоры Ершат Искандаров БИН 151240008798 Телефон 87058540422
- Искандаров Ершат
- Мемлекеттік органдардың жұмысы туралы(мемлекеттік қызмет көрсету)
- 22.06.2022
- 56
- Өтініш нөмірі 744811
Ахметжанов М.М. 01.07.2022, 12:50
Құрметті Ершат ! Сіздің жәбірленушілердің мүддесі бойынша алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істерді тергеу туралы арызыңыз қаралды. Алматы қ. Бостандық ауданы полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімімен (27 жәбірленушілердің арызымен)Л.Б.Мамбетоваға қатысты ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігімен(алаяқтық) тергеу амалдары жүргізілуде. 08.06.2022ж. Л.Б.Мамбетованың әрекеті жоғарыда көрсетілген ҚК бабымен сараланған және оған қатысты сотттың санкциясымен күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған. ҚР ҚПК 99-бабына сәйкес қылмыстық процеске қатысушылар сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға, прокурорға, судьяға (сотқа) қылмыстық процесс барысында маңызы бар мән-жайларды анықтау, өтiнiшхатпен жүгінген тұлғаның немесе өздері өкілдік ететін тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету үшiн процестік әрекеттерді жүргiзу немесе процестік шешiмдерді қабылдау туралы өтiнiшхаттармен жүгінуге құқылы. Алматы қаласы ПД басшыларына Сіздің арызыңызда көрсетілген уәждеріңізді ескере отырып, толық, жан-жақты және объективті тергеу жүргізу туралы тапсырма берілді. Қабылданған шешім туралы Сіз қылмыстық процесс жүргізуші органмен хабардар боласыз және келіспеген жағдайда заңмен белгіленген тәртіп бойынша шағымдана аласыз.