Алсейтов Нұрболат
- Смағұлов Д.Н.
- 26.01.2020
- · Өтініш қабылданды·
- · Білім ·
- 148
- № 591616
Сәлеметсіз бе! Наурыз айында болатын "ақылы ҰБТ-ны" өз қаламда емес, басқа қалада тапсыруға бола ма? Көктемгі демалыс күндерін пайдала отырып, болашақ жоғарғы оқу орнымды таңдау мақсатында Нұр-Сұлтан қаласына жол жүретін едім. Ақылы ҰБТ-ны сол жерде тапсырғым келеді. ...
ТолығырақЖауаптар
Сәлеметсіз бе, Нұрболат! 2020 жылғы наурыз айында өткізілетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге (бұдан әрі - ҰБТ) өтініш қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы №204 бұйрығымен бекітілген ҰБТ өткізу қағидаларына сәйкес ағымдағы 1 және 15 ақпан аралығында жүргізіледі. Наурыз айындағы ҰБТ-ны басқа қалада тапсыру үшін, Сіз өтінішті өзіңіздің тұрақты мекен-жайыңызда, ҰБТ өткізу пункті арқылы беруіңізге болады. Ол үшін ҰБТ өткізу пункті қызметшілерін хабардар етіп, тестілеуді Нұр-Сұлтан қаласындағы тестілеу өткізілетін пункттердің біреуіне тіркеуге алдын-ала жазбаша өтініш қалдыруыңыз қажет. Нұр-Сұлтан қаласында ҰБТ өткізу пункттерінің орналасуы мен басқа да толық мағлұматты http://testcenter.kz/ сілтемесімен кіріп көре аласыз.
Смағұлов Д.Н. 06.02.2020, 10:11