Закирджанов Амангелди
  • Шаймарданов Ж.Н.
  • 21.04.2022
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Мемлекеттік органдардың жұмысы туралы(мемлекеттік қызмет көрсету) ·
  • 177
  • № 736571

ҚР СЖРА төрағасы А.Иргалиевке ҚР СЖРА ҰСБ басшысы Ж.Шаймардановқа Құрметті Асет Арманұлы! Құрметті Жандос Нұрланұлы! Өзіңіз білесіз, Қазақстанның Мемлекеттік Статистикасы сонау 1920 жылдан бастау алады. Бір ғасырдан астам уақыт өтті. Алайда, Мемлекеттік статистиканың ешқандай беделі жоқ. Кейбір респонденттер мемлекеттік статистика органдары қандай жұмыспен айналысатынын және оған статистикалық есептіліктер тапсыруы қажеттігін білмейді. Бұл, мемлекеттік статистиканың «Имиджі» жоқ дегенді білдіреді. «PR» жоқ! Жалпы өз ойым, мемлекеттік статистика сол баяғы бір ғасыр бұрынғы деңгейінен айтарлықтап ұзап кетпегенін көрсетеді. ҚР Мемлекеттік статистика туралы 2010 жылғы 19 наурыздағы №257-IV заңының 17 бабы, 2 тармағында «Статистикалық байқаулар жүргізу кезінде респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсынуға» және «Мемлекеттік статистика органдарының осы Заңда көзделген талаптарын орындауға міндетті» делінген. Алайда, практикалық түрде олай емес. Кейбір респонденттер өз міндеттемелерін орындамайды немесе білмейді. Сондықтан, жергілікті жерлерде статистика органдары өз функционалдық міндеттемелеріне жатпасада респонденттерге статистика органдарына белгілі бір нысан бойынша есептілік тапсыруы қажет екендігін телефон соғу арқылы хабарлайды (бірнеше рет телефон соғуға тура келеді). Бұл, өз кезегінде бірқатар келеңсіз мәселелер туғызады. Атап айтар болсақ, Респонденттің статистика органдары қызметкерлеріне дөрекі сөйлеуі. Кейбір жағдайларда балағаттауы. Сондай ақ, телефон арқылы Респондентке статистикалық нысан бойынша есеп тапсыруы қажет екендігін хабарлауын басқаша түсіну т.б. с.с.. Сондықтан, статистика органдарының қызметкерлеріне тікелей респонденттерге телефон арқылы статистикалық нысан бойынша есеп тапсыруын хабарлау жұмысын қатаң түрде тоқтату керек. Жалпы, статистика органдары есептілік тапсырмаған немесе мерзімінен кешіктіріп тапсырған респонденттерге қолданыстағы заңнамаларға сәйкес, Респонденттерге бармай профилақтикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою қорытындысын толтыруы керек. Алайда, аталған жұмысты атқару заң түрінде (жүзінде) керемет болып көрінгенмен практикалық түрде олай емес. Себебі, статистика органдарының жұмыс жоспарына қарасаңыз есептіліктің алуан түрі бар және ол есептілікті тапсыруы қажет респондеттер саны өте көп. Кейбір есептілік бойынша есептілік тапсыруға жататын респонденттер саны нөлден бастап бірнеше мыңнан асады. Ал, статистика органдарының мамандары ағымдағы жұмыстарымен айналысуы қажетпе әлде есептілік тапсыруыға келмеген респонденттерге қорытынды толтырып, соны бақылауда ұстап отыруға тиіспе. Сондай ақ, мынадай жағдай орын алуы мүмкін. Айталық, бір ауданда белгілі бір статистикалық есептілік бойынша 2500 (екі мың бес жүз) респондент жылдық есеп тапсыруы қажет болады. Олардың есептілік тапсырмағаны үшін профбақылау жүргізіп, қорытынды толтыру физикалық түрде мүмкін болмайды. Сонымен қатар, бір респондентке белгілі бір статистикалық нысан бойынша есептілік тапсырмағаны үшін қорытынды толтырып, келесі біріне қорытынды толтырылмай қалған жағдайда қорытынды толтырылған респондент пен маман арасында түсініспеушілік орын алуы мүмкін. Мысалы, қорытынды алған Респондент айтады маған профбақылау жүргіздің, ал дәл сондай есептілік тапсыруы қажет өзге респондентке неге толтырмадың деп. Неге іріктемелі түрде профбақылау жүргізіп отырсыз. Мүмкін, Сіз, қызметіңізді (лауазымыңызды) асыра пайдаланып, біреулерге артықшылқтар қарастырып отырған шығарсыз деп, орын алған жағдай бойынша бақылаушы органдарға жүгінуі мүмкін. Сол кезде маман оған қалай түсіндіреді. Мен ойлаймын бұл жағдайда респондентке немесе бақылаушы органға түсіндіру мүлдем мүмкін емес. «Цифрлық Қазақстан!» деп ұрандатқанға бірнеше жыл өтті. Іске асыру мерзімі – 2018-2022 жылдар болатын. Әлде бұл бағдарлама ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросына қатысы жоқпа?! Ұсынысым, жоғарыда аталған мәселелердің алдын алу және жергілікті жерлерде статистика органдары қызметкерлерінің қызметін оңтайландыру, сонымен бірге психикалық-моралдық климатты жақсарту үшін жергілікті жерлерде есептілік тапсырмаған респонденттерге телефон соғу және Респонденттерге бармай профилақтикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою қорытындысын толтыру жұмыстарын түбегейлі жою керек. Аталған жұмысты Ұлттық статистика бюросы статистикалық бизнес тіркелімінде тіркелген респонденттердің ұялы телефон нөмірлеріне бір орталықтан «SMS» хабарламаларын жолдау арқылы шешуіне болады. Бұл кезек күттірмейтін мәселе! Сондай ақ, жеке кәсіпкерлер мен шаруа немесе фермер шаруашылықтарына есептілікті тапсыруды оңтайландыру мақсатында статистикалық бизнес тіркелімне ұялы телефон номерлерін тіркей отырып, қашықтықтан статистикалық есептілік нысандары бойынша ұялы телефон арқылы есеп тапсыруға мүмкіндік жасау керек. Ол үшін: Мысалы, А-008 Өзіңіз білесіз, «А-008 Шағын шаруа немесе фермер қожалықтарында және жұртшылық шаруашылықтарында мал шаруашылығы өнімдерін өндіру» есептілігін респонденттермен тапсыру мерзімі а.ж. бастап тоқсандық болып бекітілді. Алайда, аталған есептілікті жергілікті жерлерде жинау бірқатар қиындықтар туғызып отыр. Атап айтқанда, атқарылған жұмыстар үшін интервьюерлерге төленетін сомманың аз болуы. Сондай ақ, шаруа қожалықтары мен зерттелетін жеке үй шаруашылықтары (ауыл, ауылдық округтер) аудан орталығынан қашықтықта орналасуы. Ауа-райының қолайсыздығы, қатқыл табанды жолдардың және қоғамдық көлік қатынасы болмауы. Мысалы, Маңғыстау облысының Қарағия ауданы. Ауданға қарасты ауыл, ауылдық округтері аудан орталығы Құрық ауылына жақыны 65 шақырым (Мұнайшы), алысы 320 шақырымда (Болашақ) орналасқан. «Темір-Баба» Түркменістан шекара бекеті жанында шаруа қожалықтары бар. Аудан орталығынан 330 шақырым (барып келуі 660 шақырым). Сондықтан, ол ауданда (өзге аудандарда-да) есептілікті жинау үшін интервьюер табу мүмкін емес. Сондай ақ, осы жұмысқа аудандық статистика бөлімінің қызметтік көлігін пайдалану мәселені шешпейді. Өйткені, кейбір аудандарда қызметтік көлік жүргізушісі жоқ (жалақысы аз). Болған жағдайда да шаруа қожалықтарына баратын жол бағыттарын білмейді. Сонымен бірге, шаруа қожалықтары иелері шаруашылығын жүргізу үшін жанұялы отбасын немесе өзге бір адамдарды жалдайды. Ал, сауалнаманы жүргізу үшін барған жағдайда-да шаруашылық иесі болмағандықтан жалдамалы жұмысшы нақты мәлімет бере алмайды. Жеке тұрғын үйлер бойынша-да жағдай осылай. Үй иесінің болмауы салдарынан жанұя мүшелері берілген сұрақтарға нақты жауап бере алмайды. Сондай ақ, бұрынғы жылдардағы жұмыс тәжрибесі көрсеткендей, шаура қожалықтары мен жеке үй шаруашылықтары шаруашылық бойынша нақты есеп (учет) жүргізбейді. Мәліметті жобалап береді. Сондықтан, ҰСЫНЫС: «А-008 Шағын шаруа немесе фермер қожалықтарында және жұртшылық шаруашылықтарында мал шаруашылығы өнімдерін өндіру» есептілігін Респонденттерден телефон арқылы жинау; Ол үшін, ұялы телефонға арналған статистикалық есептілік нысандары бойынша stat.gov.kz сайтына кіріп тапсыруға арнайы мобилді қосымша бағдарламалар әзірлеп енгізу және кестелер жасақтау. А-008 есептілігінің әдіснамасында төрт-түлік мал сойылған болса оның тірілей және сойыс салмағы көрсетілген. Сондықтан, шаруа қожалығында сойылған мал басы санын көрсеткенде тірілей және сойыс салмағын автоматты түрде көрсетілу. Сүт өнімдерінде солай. т.б. с.с.; Бір реттік «SMS» хабарламаны электронды қолтаңба ретінде қолдану; Жеке кәсіпкерлермен тапсырылатын статистикалық есептіліктер бойынша да осы тәсілді қолдану. Сондай ақ, тағы бір мәселе: Жергілікті жерлерде «Т-001 халықтың жұмыспен қамтылуын іріктемелі зерттеу сауалнамасы» есптілігі бойынша бірқатар мәселелер бар. Атап айтқанда, аудан орталығынан елді мекендердің қашық болуына байланысты атқарылатын жұмыстар үшін интервьюерлер табу өте қиын. Ауа-райының қолайсыздығы, қатқыл табанды жолдардың және қоғамдық көлік қатынасы болмауы. Мысалы, Маңғыстау облысының Қарағия ауданына қарасты ауыл, ауылдық округтері аудан орталығы Құрық ауылына жақыны 65 шақырым (Мұнайшы), алысы 320 шақырымда (Болашақ) орналасқан. Сондықтан, ол ауданда (өзге аудандарда-да) есептілікті жинау үшін тұрақты интервьюер табу мүмкін емес. Аудандық жұмыспен қамту орталықтары арқылы табылып интервьюер жұмысына келіскен тұлғалар бір ай жұмыс жасап, жұмыстың барысын көргеннен кейін аталған жұмыстан бас тартады (келесі қабылданатын интервьюерге әдіснамасын үйретуде мәселе). Өйткені, сауалнама жүргізу үшін берілетін уақыттың аздығы (физикалық түрде үлгермеу). Интервьюер мекен-жайға барған кезде үй иелерінің болмауы. Үй иелері сауалнама жүргізу кезінде үйінде болған жағдайда-да кейбір кездерде интервьюерге сенімсіздік танытып, жағымсыз әңгімелер айтуы. Кейбір жағдайда үй иелері әлеуметтік аз қамтылған отбасы болуы (ішімдік ішкен, масаң күйде болуы). Бұның бәрі интервьюерге моралдық, психикалық жағынан әсер етеді. Сондай ақ, осы жұмысқа аудандық статистика бөлімінің қызметтік көлігін пайдалану мәселені шешпейді. Өйткені, кейбір аудандарда қызметтік көлік жүргізушісі жоқ (жалақысы аз). Автокөлік жүргізушісі болған жағдайда-да ол қашықтықта орналасқан елді мекендерге бару жолдарын білмейді. Сондықтан, жергілікті жерлерде жұмысты тиімді ұйымдастыру үшін, алынған мәліметтердің дәйектілігін қамтамасыз ету және интервьюер тапшылығын жою мен бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында, ҰСЫНЫС: «Т-001 халықтың жұмыспен қамтылуын іріктемелі зерттеу сауалнамасы» есптілігін жергілікті атқарушы органдарға, яғни кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдеріне заңды түрде уәкілетті орган бекіткен статистикалық әдіснамаға сәйкес жүргізуге, уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыруға және аталған сауалнама бойынша есепке алу деректерінің дәйектілігін қамтамасыз етуге міндеттеу қажет; Аталған сауалнама жергілікті атқарушы органдарға, яғни кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдеріне заңды түрде берілетін болса, онда зерттеу жүргізілетін тұрғын үйлер санын қазіргі деңгейде қалдыру. Сондай ақ, «Т-001 халықтың жұмыспен қамтылуын іріктемелі зерттеу сауалнамасы» есептілігі жергілікті атқарушы органдарға, яғни кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдеріне заңды түрде берілетін болса, онда аталған сауалнаманы бір мезгілде облыстың барлық ауыл, ауылдық округтерінен жинауға мүмкіндік туады. Аталған сауалнаманы жергілікті жерлерде әкімдік қызметкерлерінің жүргізуі тұрғындар арасында сенімдіктің пайда болуына ықпал етеді. Өйткені, ауылдарда өткізілетін мәдени-әлеуметтік іс-шараларға қатысып жүрген немесе сол ауылда тұратын әкімдік қызметкерлерін ауыл тұрғындары бетпе-бет танитындығы өз септігін тигізеді деп ойлаймын. ЭӘШБЕА БҚ мен АШЖ БҚ арасында айырмашылықтардың болуы: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігімен 2015 жылғы 10 маусымдағы №136 бұйрығымен бекітілген «Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснама» әдістемесінің 3-тарауына сәйкес (бұдан әрі - әдістеме), есептеу үй шаруашылықтары иесінің немесе кәмелеттік жастағы мүшелерінің қатысуымен малдың заттай мәнінде қайта есептеу жолымен жүргізіледі, яғни әкімшілік қызметкерлері үй шаруашылықтарын есепке алу кезінде (сол датаға) малдардың санын тірілей есепке алады (ІҚМ, Жылқы, Түйе, ҰМ). Мемлекеттік статистика туралы Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы №257-IV Заңының 16-бабы «Әкімшілік дереккөздердің құқықтары мен міндеттері» 2-тармағында «Кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдері уәкілетті орган бекіткен статистикалық әдіснамаға сәйкес шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізуге, уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыруға және шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің дәйектілігін қамтамасыз етуге міндетті» делінген. Нақты айтқанда ауылшаруашылығы мал саны әкімдік қызметкерлерімен ауызша сұрау арқылы, жылына екі рет жүргізіледі. 01.01. және 01.07 жағдай бойынша. ЭӘШБЕА БҚ мен АШЖ БҚ арасында айырмашылық болады. Өйткені, АШЖ БҚ базасына сырғаланған немесе чиптелген мал санын енгізеді. Сондайақ, шаруа қожалықтары сырғаланған немесе чиптелген мал санын кейбір жағдайларда, атап айтқанда сатып жіберуі, сою, өліп қалуы, жоғалып кетуі кезінде оларды АШЖ БҚ базасынан алдырып тастамайды. Ал, үй шаруашылықтары қолда бар малдарын сырғалатуға, чиптеуге АШЖ БҚ базасына енгізуге бермейді. Берген жағдайда-да олар, жоғарыда айтылғандай сатып жіберуі, сою, өліп қалуы, жоғалып кетуі кезінде оларды есептен шығартпайды. Сондықтан екі базада мал саны сәйкес келмейді. Сондай ақ, ЭӘШБЕА БҚ-дағы мал басы санымен АШЖ БҚ-дағы мал саны арасында айырмашылықтардың болу себебі, ЭӘШБЕА БҚ және АШЖ БҚ өзгерістерді енгізудің әртүрлі әдістемелері болуына байланысты. Жалпы, ЭӘШБЕА БҚ жүргізу әдістемесін қайта қарайтын кез келді. Бір ауылдық округте бес мыңға жуық жеке тұрғын үйлер мен нолден бастап жүзден асатын шаруа (фермер) қожалықтары бар. Ал, аталған жеке тұрғын үйлер мен шаруа қожалықтарын ЭӘШБЕА БҚ жүйесіне енгізіп, енгзілген мәліметтерді жылына екі рет жаңартып отыру жергілікті жерлердегі ауыл, ауылдық округтері әкімдіктеріне мемлекеттік статистика туралы заңымен жүктелген. Ал, ол жұмысты әкімдіктердің мамандары немесе басқада қызметкерлері атқарады. Алайда, бір қызметкер жоғарыда аталған көлемдегі жеке үйлер мен шаруа қожалықтарын толық қамтып, ЭӘШБЕА БҚ-ға жылына екі рет тиісті өзгерістер енгізеді деп түсіну ақылға қонымсыз. Сондықтан тиісті шаралар алу кезек күттірмейтін мәселе. Жалпы бұл, мемлекеттік статистика органдарындағы мәселелердің тек, аз бөлігі. Оңтайландыруды қажет ететін, кезек күттірмейтін мәселелер жеткілікті. Сондықтан, Сіз, жоғарыда аталған мәселелерді назарға алып, тиісті шешімдер қабылдайды деп сенемін. А.Закирджанов Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы. Тел: 8 778 900 52 72 ...

Толығырақ
Капаева Алия

Добрый день! Подскажите пожалуйста, как быть в данной ситуации. Управление статистики г. Шымкент компаниям выставляет заключение об устранении нарушения за непредоставление отчета по форме КПЭ (годовая) за 2021 год. Объясняя, что форма введена с 01 января 2022 года и поэтому за 2021 год надо было сдать отчет до 28 марта.В бегунке за 2021 год данная форма отсутствует. И даже в бегунке на 2022 год по этой форме все строчки еще пустые, т.е. какая-либо информация отсутствует. А так как срок сдачи отчета прошел, предлагают сдать нарочно отчет или предоставить письмо об отсутствии данных. Правомерны ли действия статуправления? ...

Толығырақ
Салмова Анастасия

Выражаем Вам свое почтение и просим Вас дать разъяснения касательно классификации приоритетных видов деятельности по специальной экономической зоне «Астана – Новый город», в части: Возможно ли применение ОКЭД: 24.42 для открытия дополнительного вида деятельности: «Производство алюминиевого профиля». Либо просим Вас конкретизировать какой ОКЭД необходимо применять для осуществления: «Производство алюминиевого профиля» из отрасли 24. «Металлургическое производство». ...

Толығырақ
САРМУРЗИНА ЗИНИГУЛЬ

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы «QazBioPharm» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамын құру мәселелері жөнінде» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 20 желтоқсандағы № 910 қаулысына (бұдан әрі – қаулы) сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Микроорганизмдердің республикалық коллекциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын) «Республикалық микроорганизмдер коллекциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып қайта құрылды. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің 2021 жылғы 09 қыркүйектегі № 270-НҚ бұйрығына сәйкес «Микроорганизмдердің республикалық коллекциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне келесі қызмет түрлерін жүзеге асыруға келісім берілді: 1) микробиология және биотехнология саласындағы журналдар мен мерзімдік мақалалар жариялау; 2) Серіктестік бейіні бойынша профилактикалық, диагностикалық биопрепараттар өндіру технологияларын әзірлеу және жетілдіру; 3) өнеркәсіптік микроорганизмдердің коллекциялары саласындағы ақпараттық деректер қорын қалыптастыру. Айта кетейік, жоғарыда аталған қаулыға сәйкес акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындар, заңды тұлғалар және жеке тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы No 1095 қаулысымен бекітілген тізбесіне толықтырулар енгізілген. Осыған байланысты Кәсіпорын Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 192-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне «Микроорганизмдер республикалық коллекциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметін кеңейтуге келісім беру туралы өтінішпен жүгінді. Осылайша, «Микроорганизмдердің республикалық коллекциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі келесі қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін монополияға қарсы органнан рұқсат алуға ниетті: 1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде фармацевтикалық және медициналық бұйымдарды көтерме саудада өткізу; 2) биотехнология саласындағы ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік әзірлемелер; 3) инфекцияға қарсы препараттар саласындағы зерттеулер мен әзірлемелер; 4) жаратылыстану және техникалық ғылымдар саласындағы өзге де зерттеулер мен әзірлемелер; 5) денсаулық сақтау саласындағы өзге де қызмет; 6) өз мүлкін жалға беру және басқару. Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, қызмет түрлерін анықтауды сұраймыз: тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде фармацевтикалық және медициналық бұйымдарды көтерме саудада өткізу; биотехнология саласындағы ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік әзірлемелер; инфекцияға қарсы препараттар саласындағы зерттеулер мен әзірлемелер; жаратылыстану және техникалық ғылымдар саласындағы басқа да зерттеулер мен әзірлемелер; денсаулық сақтау саласындағы өзге де қызмет; экономикалық қызмет түрлерінің жіктеуішіне сәйкес меншікті жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқару (ОКЕД). Бас директор З. Сармурзина ...

Толығырақ
Ахмедин Кайрат

Здравствуйте! Мною было написано заявление от 03.02.2022 года, на имя Акима, Уштобинского сельского округа, Бухар-жырауского района, по Карагандинский области о регистраций домашних животных. 16.02.2022 года мне было отказано в регистрации, ссылка на приказ Председателя Агенство РК, от 10 июня 2010 года, за №136. Законно или нет об отказе? С уважением, Кайрат Калкаманович ...

Толығырақ
Жикебаев Алмас
  • Айдапкелов Н.С.
  • 20.01.2022
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар ·
  • 157
  • № 722987

При заполнении формы "2-услуги (годовая) не сохраняется код СКУ 82911 услуги агентств по сбору платежей. Это уже не первый случай. Если брать любой другой СКУ, то код прописывается. 1. Как быть с отчетом? 2. Когда исправите эту ошибку? БИН 190140003798 ...

Толығырақ
Мурзинцева Ольга
  • Айдапкелов Н.С.
  • 19.01.2022
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Шағын және орта кәсіпкерлік ·
  • 86
  • № 722810

Добрый день. В соответствии с ранее предоставленным ответом (https://dialog.egov.kz/questioncontroller/view?id=720730), просьба пояснить: 1. Каким документом регламентируется порядок определения актуальных форм для их представления? Почему годовые формы за прошлый период сдаются по новым формам, а квартальные за прошлый период – по старым? Где можно ознакомиться с такими требованиями? 2. Является ли такое поведение «стабильным»? Или такой порядок для представления форм может меняться? ...

Толығырақ
Жикебаев Алмас
  • Айдапкелов Н.С.
  • 14.01.2022
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Шағын және орта кәсіпкерлік ·
  • 302
  • № 722215

12.01.2021 года через мессенджер "WhatsApp" получил от главного специалиста Департамента статистики Уксикбаевой Салтанат сообщение следующего характера: "Здравствуйте. Департамент Статистики г. Алматы уведомляет о сдаче годового статистического отчетности "3-информ" за 2021 год. Срок предоставления до 19 января. По всем вопросам звонить на номер 87774558137". В связи с этим возникает вопрос: разве Президент не дал указание предоставить отсрочку по всем видам отчетности в связи с режимом ЧП? Или данное указание не касается статистики? Прошу Вас дать четкий и обоснованный ответ до 18.01.2022 г., так как из сообщения Вашего специалиста следует, что отчет надо сдать до 19.01.2022 г. ...

Толығырақ
Мурзинцева Ольга
  • Айдапкелов Н.С.
  • 27.12.2021
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Шағын және орта кәсіпкерлік ·
  • 177
  • № 720730

Добрый день. Приказом Руководителя Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам РК от 3 декабря 2021 года № 42 в новой редакции приняты некоторые формы по труду. Данная редакция вступает в силу через 10 дней после оф. публикации (оф. публикация 15.12.2021 года). Например, в новой редакции изложены форма 1-Т годовая, 1-Т квартальная, 1-Т условия труда. Срок представления формы 1-Т квартальная – до 10 числа после отчетного периода. Таким образом, за 4 квартал 2021 года срок представления – до 10 января 2022 года. По какой редакции должна быть представлена форма за 4 квартал 2021 года? По форме, действующей в 2021 году, либо по форме в редакции Приказа от 3 декабря 2021 года № 42 (новой форме?). Вопрос распространяется и на другие перечисленные формы по труду. ...

Толығырақ
Кожалепесова Жайнагул
  • Айдапкелов Н.С.
  • 24.11.2021
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Мемлекеттік органдардың жұмысы туралы(мемлекеттік қызмет көрсету) ·
  • 233
  • № 716284

Қайырлы күн! Менің сауалым "Халық санағына" байланысты болмақ. Ағымдағы жылдың қазан айында мен халық санағын жүргізуге қатыстым. Осы қосымша жұмысқа біздерге 100000 тенге шамасында жалақы берілетіндігін айтқан болатын,кейін әр адамға 125 тенге төленетінін айтты. Мен жалпы 780 адам тіркеп маған 91 000 теңге жалақы төленеді деді,бірақ осы ақшаның 22%-н (зейнетақы,жекесалық,сақтандыру) ұстап қаламыз деді. Менің түсінбейтінім; Бізден айлық жалақымыздан да осынша ақша ұстайды.Неге қосымша табыстан ұсталу керек пе? Осы қаншалықты заңды? Себепсіз мазалап жатсам кешірім сұраймын Рахмет! ...

Толығырақ