- Блогтар
- Мусин Б.Б.
Мусин Б.Б.
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Министрлік құрылымдарына қызметке қабылданған президенттік резервшілермен кездестім
Президенттік резервшілердің біздің Министрліктің бизнес-үдерістеріне деген жаңашыл көзқарасымен, ой-пікірлерімен таныстым. Оларды осыдан екі ай бұрын өзімізге жұмысқа қабылдаған едік. Осы уақыт аралығында жаңа ортаға бейімделіп, Министрліктегі қызметтің қыр-сырымен танысып үлгерген.
Бүгін олармен қолданыстағы үдерістерді оңтайландыру, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру, цифрландыру мәселелері және алға қойған мақсат-міндеттерге қол жеткізудің жаңа жолдары мен тәсілдері туралы әңгімелестім. Сапалы білім алып, қажетті тәжірибе жинақтап үлгерген өршіл жастар біздің жұмысымызға тың жаңалық әкеледі деп ойлаймын. Өйткені, олар жаңа деңгейдегі басқарушы болуы тиіс.
Тоқсан сайын кездесіп, ақыл-кеңес құрып отырамыз деп келістік. Себебі, жергілікті жерлердегі жас басқарушылардан мұндай фидбэк бізге Министрліктің жұмысын одан әрі нәтижелі және сапалы жүргізуге көмектесетініне сенімдімін.
- 12.03.2020
- 112