Ноғаев Н.А.
Маңғыстау облысының әкімі
Маңғыстауда әлеуметтік топтарға 252 грант бөлінеді
  • 25.01.2023
  • 177

Маңғыстауда  әлеуметтік осал топтағы жандардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау мақсатында 252 грант бөлінеді. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте  Маңғыстау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсет Шопан ...

Толығырақ

Ноғаев Н.А.
Маңғыстау облысының әкімі
Бизнеске қолдау: жастарға шағын несиені қалай алуға болады
  • 25.01.2023
  • 140

21 мен 35 жас аралығындағы маңғыстаулық жастарға жеке кәсіптерін қолдау мақсатында 2,5%-бен 5 миллион теңгеге дейін шағын несие берілмек. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсет Шопанов хабарлады. Спикердің айтуынша, барлық саладағы кәсіп түріне несие 5 жылға дейін, ал мал шаруашылығына қатысты жобалар үшін 7 жылға дейін берілмек. Ал, облыс бойынша биыл барлығы 163 жасқа төмендетілген пайызбен несие берілетін болады. Өзінің жеке кәсібін ашқысы келетін болмаса, бар кәсібін одан әрі дамытқысы келетін жастар бұл шағын несие түріне өтінім беруіне болады. - Ескерте кететіні кәсібіңізге, яғни жеке кәсіпкер ретінде тіркелгеніңізге 5 жыл уақыттан асып кетсе, сіз бұл шағын несиеге өтінім бере алмайсыз, - дейді Әсет Шопанов. Қолдау жеке кәсіптің барлық түріне берілмек. Тек несиеге өтінім берген кезде кепілге қоятын мүліктің болуы шарт. Өтінім қабылдау туралы хабарландыру 10 күн бұрын 2023 жылдың сәуір мамыр айларында халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі басқарманың ресми сайттарына шығады. Шағын несие алу үшін қажет құжаттар тізімі: - Шағын несие алуға өтініш - Жеке басын куәландыратын құжат - Кредиттік тарих туралы ақпаратты кредиттік бюроға беруге келісім - Бизнес-жоспар - Қатысушының/үміткердің уәкілетті органының шағын несие алу, мүлікті кепілге беру жөніндегі мәмілені мақұлдау туралы шешімі - Кепіл берушілердің мүлікті кепілге беру жөніндегі келісімі - Шоттың болуы туралы қызмет көрсететін банктен анықтамалар - Кредиттік берешектің, оның ішінде қаржы ұйымдарынан мерзімі өткен берешектің болуы туралы анықтамалар (кредиттер болған кезде) - Қатысушының/үміткердің жалақысын және (немесе) өзге де табыстарын растайтын құжат (жинақтаушы зейнетақы қорынан) - Бағалау туралы есеп - Кепіл беруші және кепілмен қамтамасыз ету жөніндегі құжаттар Ал, өтінімді беру бойынша «Аграрлық несие корпорациясының» Маңғыстау облысы бойынша филиалына жүгініп, бизнес-жобаларыңды өткізе алады. https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-soc?lang=ru ...

Толығырақ

Ноғаев Н.А.
Маңғыстау облысының әкімі
Маңғыстауда «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағын одан әрі дамыту мәселелері талқыланды
  • 23.01.2023
  • 141

Сенбі, 21 қаңтар күні аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағында жұмыс сапарымен болды, - деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі. Сапар барысында облыс әкімі «Ақтау теңіз порты» АЭА қызметімен танысты. АЭА құрамындағы объектілерді, соның ішін ...

Толығырақ

Ноғаев Н.А.
Маңғыстау облысының әкімі
Маңғыстауда «МАЭК» электр комбинатын жаңғырту мәселелері талқыланды
  • 23.01.2023
  • 130

20 қаңтарда аймақ басшысы Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен «МАЭК» ЖШС энергетикалық кешенін жаңғырту бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті, - деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.  Жиынға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасарлары, ...

Толығырақ

Ноғаев Н.А.
Маңғыстау облысының әкімі
Маңғыстауда ақын Светқали Нұржанның шығармашылық кеші өтті
  • 20.01.2023
  • 180

19 қаңтарда белгілі ақын, мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты Светқали Нұржанның шығармашылық кеші өтті, - деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі. Мерекелік шараға Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, ақын-жазушылар және басқа да зиялы қауым өкілдері қатысты. ...

Толығырақ