Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Қызылорда облысы әкімшілігімен Интернет-конференциясы

Қызылорда облысы әкімшілігі Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Интернет-конференция өткізіп жатыр. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылғы 8 мауысымда жарияланады.

  • Сұрақтар: 27
  • Жауаптар: 24
  • 08.06.2009
  • 11.06.2009
  • Қызылорда облысы әкімшілігі

Касымхан 10.06.2009, Сұрақ нөмірі:

  • 0

1 мамыр куни ашылган калалык жагажайга байланысты биз Т.Аубакиров кошесинин тургындары жане тиршилик жасап отырган жеке касипкерлар Аубакиров кошесин бурынгыдай 2 багытта автоколиктер журетиндей етуинизге отинемиз. Себеби бизге коптеген шыгын жане залал келтирип отыр.

Администратор 11.06.2009

2009 жылдың 1 мамырында қала халқының демалыс орны қалалық жағажайдың ашылуына орай, осы жағажайға келушілердің, Аубакиров көшесі мен Жібек жолы даңғылы қиылысатын аумақта жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Аубакиров көшесі бойымен жүретін автокөліктердің 1 бағытта жүргізілетін жол белгілері орнатылды. Осыған сәйкес, Аубакиров көшесінен тек қана Жібек жолы көшесі арқылы бару көзделіп отыр.