Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Қызылорда облысы әкімшілігімен Интернет-конференциясы
Қызылорда облысы әкімшілігі Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Интернет-конференция өткізіп жатыр. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылғы 8 мауысымда жарияланады.
- Сұрақтар: 27
- Жауаптар: 24
- 08.06.2009
- 11.06.2009
- Қызылорда облысы әкімшілігі
Налтаев Ербол 08.06.2009, Сұрақ нөмірі:
Қазір жас мамандарға қандай көмектер көрсетіледі? Мемлекеттік қызметке конкурс жариялауға мароторий жасалғаны белгілі, ертең жұмысқа келгенде конкурстар өтеді ме?
Администратор 09.06.2009
Облыста аймақтық дағдарысқа қарсы бағдарлама әзірленіп, жұмыспен қамтамасыз ету картасы жасалып «Жол картасын» жүзеге асыру аясында жастар тәжірибесін ұйымдастыру кеңейтілді. Жас жұмыссыздар және білім беру саласы оқу орындарын бітіруші - түлектерге 6 ай мерзімге жастар тәжірибесі ұйымдастырылуда, оларға мемлекет тарапынан 15,0, жұмысқа қабылдаушы тарапынан 15,0 мың теңге, барлығы 30,0 мөлшерінде еңбек ақы төленеді. Барлығы жастар тәжірибесіне Республикалық бюджеттен 126,3 млн. теңге қаралып, 1404 жас азаматтарды жұмыспен қамту көзделуде. Сонымен қатар, облыстық бюджеттен ауылдық жерлерге жұмысқа жіберілетін медицина саласының мамандарына әлеуметтік қолдау ретінде 50 млн. теңге көлемінде қаражат бөлініп отыр. Мемлекеттік қызметке конкурс арқылы орналасуға жыл соңына дейін мароторий жарияланып отыр. Егер мароторий тоқтатылса конкурс өтетін болады.