«Мемлекет басшысының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында атап көрсетілген басым бағыттардың аймақта жүзеге асырылу барысы жөніндегі» Қызылорда облысы әкімі Б.Қуандықовпен Интернет-конференция
«Мемлекет басшысының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында атап көрсетілген басым бағыттардың аймақта жүзеге асырылу барысы жөніндегі» Қызылорда облысы әкімі Б.Қуандықовпен Интернет-конференция
- Сұрақтар: 29
- Жауаптар: 29
- 11.06.2010
- 11.06.2010
- Қызылорда облысы әкімі Б.Қуандықовпен Интернет-конференция
Ержан Датқабайұлы 11.06.2010, Сұрақ нөмірі:
Саламатсыз ба Боке! Осы облыстағы балық шаруашылығын дамытуға қандай жұмыстар жасалып жатыр?
Администратор 11.06.2010
Қазіргі таңда облыс көлемінде аумағы 41,0 мың гектарға жуық 155 балық шаруашылығы маңызы бар көлдер есепке алынған және 2005 жылдан бастап Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің Солтүстік бөлігін қалпына келтіру жобасына сәйкес (САРАТС) бірінші кезеңінің орындалуына байланысты аумағы 320 мың гектар құрайтын Кіші Арал теңізі пайда болды. Осы аталған су айдындарынан өткен 2009 жылы 2650 тонна балық ауланды. Биылғы 2010 жылы балық аулау көлемі 3650 тонна болып бекітілді, яғни өткен жылдан 1 мың тоннаға артық. Алдағы жылдары балық аулау көлемі біршама артады деп күтілуде. Себебі өткен жылы Сырдарияның төменгі сағасындағы Ақлақ плотинасы іске қосылып көптеген көлдердің қалпына келуіне мүмкіндік туды және САРАТС жобасының 2-ші кезеңін орындау алдағы жылдары басталуға тиісті, яғни Кіші Арал теңізінің көлемі ұлғаяды деген сөз. Сонымен қатар қазіргі кезде облыста балық шаруашылығын дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасымен техника-экономикалық негіздемесін жасау үшін облыстық бюджеттен 25 млн.теңге бөлініп конкурс жеңімпазы ретінде Қазақ балық шаруашылығы ғылыми зерттеу институты жұмыс жасауда. Бағдарламаның негізгі мақсаты бұрынғы Қызылорда, Қазалы тоған балық шаруашылығын қалпына келтіру және табиғи көлдерді тауарлы-көл балық шаруашылығына айналдыру арқылы 2020 жылдары балық аулау көлемін 15,0 мың. тоннаға жеткізу болып табылады.