«Мемлекет басшысының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында атап көрсетілген басым бағыттардың аймақта жүзеге асырылу барысы жөніндегі» Қызылорда облысы әкімі Б.Қуандықовпен Интернет-конференция
«Мемлекет басшысының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында атап көрсетілген басым бағыттардың аймақта жүзеге асырылу барысы жөніндегі» Қызылорда облысы әкімі Б.Қуандықовпен Интернет-конференция
- Сұрақтар: 29
- Жауаптар: 29
- 11.06.2010
- 11.06.2010
- Қызылорда облысы әкімі Б.Қуандықовпен Интернет-конференция
Төлеуұлы Нұртуған 11.06.2010, Сұрақ нөмірі:
Қадірлі Болатбек! Елбасының бастамасымен биыл «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Осыған сәйкес аймақта жаңа кәсіпорындар ашылады ма? Және бұл шара облыс аумағындағы жұмыссыздар санын азайтуға қандай әсерін тигізбек?
Администратор 11.06.2010
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі №301 қаулысымен «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы қабылданды. Үкімет аталған бағдарлама мен кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдаудың басқа да шараларын бекітті. Бағдарламаның мақсаты экономиканың шикізат емес секторларында өңірлік кәсіпкерліктің орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ қазіргі тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңаларын құру. Бағдарлама 3 бағыт бойынша жүзеге асырылады: жаңа бизнес бастамаларды қолдау, кәсіпкерлік секторды сауықтыру, экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдау. Бағдарлама аясында аймақтың халық саны және басқа да көрсеткіштерге сәйкес облысқа мақсатты трансферттер есебімен жалпы сомасы 571 456,0 мың теңге құрайтын қаржы бөлінген, оның ішінде: несие пайызын субсидиялауға 179 184,0 мың теңге, несиелерді кепілдендіруге 81 446,0 мың тенге, бизнеске сервистік қызмет көрсетуге 32 579,0 мың тенге, экспортқа бағытталған өндірісті қолдауға 81 447,0 мың теңге, өндірістік (индустриялдық) инфраструктураны дамытуға 196 800,0 мың теңге қаралған. Бағдарламаны іске асыру мақсатында облыс бойынша Индустрияландыру картасына енгізілген жалпы құны 245,2 млрд.теңгені құрайтын 54 инвестициялық жобалар іріктеліп, субсидиялау және кепілдендіру сомасын анықтау үшін екінші деңгейлі банк филиалдарына жолданды. Жобалар бойынша 7929 жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Қазіргі таңда банк филиалдары бұл жобалармен тиісті жұмыстарды жүргізуде. Бағдарламаны іске асырудың үш бағытының негізгі нәтижесі – жаңа жұмыс орындарын құру, бұрынғы жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңа өндіріс орындарын ашу болмақ. Осы ретте, облыс бойынша инвестициялық жоба бастамашылары тарапынан тапсырылған өтініштер негізінде Индустрияландыру картасын толықтыру жалғасуда және бірінші кезекте жұмыс жасап тұрған өндірісті кеңейту, жаңа өндіріс орындарын ашуға бағытталған жобаларға басымдық берілген.