- Блогтар
- Бейсембаев Ғ.Б.
- Өтініш
Бейсембаев Ғ.Б.
ҚР Оқу-ағарту министрi
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Аймағамбетов Асхат Қанатұлына Құрметті Асхат Қанатұлы! Біздің «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2019 жылғы мемлекеттік гранты аясында Түркістан облысының Мырзашөл өңірінде, атап айтқанда, осы облыстың Мақтаарал және Жетісай аудандарында ҰБТ тапсырып, жоғары оқу орындарына түскісі келетін және жоғары білімнің білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысқысы келетін талапкерлер үшін кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізуді жоспарлап отыр. Атап айтқанда, «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі Түркістан облысының Мақтаарал және Жетісай аудандары мектептері мен колледждерінің түлектеріне жұмыс күші артық өңірлерден шыққан жастарға жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беруге және оларды жұмыс күші тапшы өңірлерге – Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан жұмысқа орналастыруға бағытталған «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») облыстарына жобасы туралы ақпарат беру және басқа да іс-шараларды жүзеге асыруды мақсат етіп отыр. Осыған орай, Сізден мына төмендегі мәселе бойынша егжей-тегжейлі түсініктеме беруіңізді сұраймыз: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысымен бекітілген «Бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидаларының» 2-тарауының («Бакалавр» дәрежесі берілетін жоғары білім алуға ақы төлеу үшін республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру тәртібі) 7-ші тармағында: «7. Жоғары білімнің білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін оқуға түсуші жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) қабылдау комиссиясына немесе ақпараттық жүйе арқылы: 1) белгіленген үлгідегі бланкіде өтінішті; 2) білімі туралы құжатты (құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде төлнұсқа); 3) ҰБТ сертификатын (құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде); 4) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы; 5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін тапсырады», - деп жазылған. Сізден жоғарыда көрсетілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысымен бекітілген «Бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидаларының» 2-тарауының («Бакалавр» дәрежесі берілетін жоғары білім алуға ақы төлеу үшін республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру тәртібі) 7-ші тармағындағы «ақпараттық жүйе арқылы» деген сөздерге кеңінен анықтама беруіңізді сұраймын. Түркістан облысының Мырзашөл өңірінде, атап айтқанда, осы облыстың Мақтаарал және Жетісай аудандарында ҰБТ тапсырып, жоғары оқу орындарына түскісі келетін және жоғары білімнің білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысқысы келетін талапкерлер жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қабылдау комиссиясына бармай-ақ, өздерінің тиісті құжаттарын https://egov.kz «Электрондық үкімет» веб-порталының «Білім беруге гранттарды тағайындау, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету» атты бөлімі арқылы тапсыруына бола ма? Осы мәселелер бойынша егжей-тегжейлі жауап қайтаруларыңызды сұраймын. Құрметпен, Мырзантай Қожабайұлы ЖАҚЫП, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қайымдастырылған профессоры (of Associate Professor), филология ғылымдарының кандидаты (PhD), «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесінің және «Kásiptik baǵdar» медиабілім ғылыми орталығы» мекемесінің директоры.
- Жақып Мырзантай
- Білім
- 23.06.2019
- 851
- Өтініш нөмірі 555815
Аймағамбетов А.Қ. 11.07.2019, 12:13
Құрметті Мырзантай Қожабайұлы! Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Сіздің өтінішіңізді қарастырып, келесіні хабарлайды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы N58 қаулысымен бекітілген "Бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидаларының 2-тарауының "Бакалавр" дәрежесі берілетін жоғары білім алуға ақы төлеу үшін республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру тәртібі) 7-ші тармағына сәйкес: Жоғары білімнің білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін оқуға түсуші жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) қабылдау комиссиясының хатшысына құжаттар топтамасын тапсырады және оқуға түсушінің деректері веб-порталға енгізіледі.