Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша

Бұл интернет-конференция барысында азаматтар Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты сұрақтар қоя алады

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 29.03.2024, 17:00
  • 29.03.2024, 18:30

Байменов Самат 29.03.2024, 17:31, Сұрақ нөмірі: 12827

  • 0

Ассаламуалейкум. жер учаскемнің нысаналы мақсатын өзгертейін деген едім. Жер учаскемнің бағалау құны керек екен. Соған бағалау құнын айқындау үшін қайда барамын және қанша күнде дайын болады. дайын болғанан кейін нысаналы мақсатын өзгертуге өтініш тастаймын ба ?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 29.March.2024, 18:20

Сәлеметсізбе? Жер учаскесінің бағалау құны актісін алу үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген "Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтер" қағидасының 2 қосымшасына сәйкес, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына көрсетілетін қызметті беруші тікелей жүгіну немесе www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүгінуге болады. Бұл ретте, мемлекеттік қызмет нәтижесін ұсыну мерзімі: елді мекендер шегінде орналасқан жер учаскелері бойынша, елді мекеннің және бағалау аймақтарының белгіленген шекаралары болған жағдайда: көрсетілетін қызметті беруші арқылы – 1 (бір) күнді, портал арқылы – 30 (отыз) минутты, олар болмаған жағдайда 3 (үш) жұмыс күнін; елді мекеннің шекарасында ортақ үлестік меншіктегі немесе ортақ үлестік жер пайдаланудағы жер учаскесіндегі жер үлесінің кадастрлық бағалау құнын анықтаған жағдайда 3 (үш) жұмыс күнін; елді мекендер шегінен тыс, құрылыс салуға, ғимараттарға қызмет көрсетуге және басқа да мақсаттарға және ауыл шаруашылығына пайдалану мақсаттары үшін берілетін жер учаскелері бойынша 3 (үш) жұмыс күнін құрайды.