Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша

Бұл интернет-конференция барысында азаматтар Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты сұрақтар қоя алады

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 29.03.2024, 17:00
  • 29.03.2024, 18:30

Бадамбаева Ақерке 29.03.2024, 18:23, Сұрақ нөмірі: 12828

  • 0

Саламатсыздарма, жер учаскеге госактті қанша уақытта беред? және қайда баруым керек

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 29.March.2024, 18:27

Сәлеметсізбе? Жер учаскесіне сәйкестендіру актісін алу үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген "Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтер" қағидасының 6 қосымшаға сәйкес, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгіну және "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы арқылы жүгінуге болады. Бұл ретте, қызмет беруші Сізге мемлекеттік қызмет нәтижесін 4 (төрт) жұмыс күні ішінде күнде жауап беруге міндетті.