Мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалауды өткізу қағидалары мен мерзіміне қатысты мәселелер бойынша
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар Мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалауды өткізу тәртібі мен мерзіміне қатысты мәселелер бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 2
- 21.11.2025, 10:00
- 21.11.2025, 18:00
Сұрақ нөмірі: 13778
Статус: қарастырылды
Дарханұлы Шерхан
21.11.2025, 15:31
Бағалау кімдерге қатысты жүргізіледі?
Сұраққа жауаптар
Мемлекеттік қызметтегі бағалау мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында тікелей мемлекеттік қызметшілерге қатысты жүргізіледі. Бұл ретте, мемлекеттік әкімшілік қызметшілер «А» және «Б» корпустары болып бөлінетінін ескерсек, аталған корпустардың бағалауы ерекшеленеді. «А» корпусы мемлекеттік қызметшілерінің қызметін бағалау нысаналы мақсатты индикаторлардың орындалу көрсеткіші бойынша бағаланса, «Б» корпусының қызметшілері үшін индикаторлар белгіленбейді, мемлекеттік қызметшінің міндеттерін орындауы мен жеке тәртібінен туындайтын бес критерий бойынша бағаланады.


