Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты сұрақтар бойынша

  • Сұрақтар: 2
  • Жауаптар: 2
  • 03.12.2025, 11:00
  • 03.12.2025, 17:00

Сұрақ нөмірі: 13789
Статус: қарастырылды
Абдрахманова Шахризат 03.12.2025, 14:45

  • 0
  • 0

Жеке куәлік неше күнде дайын болады

Сұраққа жауаптар

Сәлеметсіз бе! "Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру" мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына 1-қосымшаның 3 тармағына сәйкес, мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмі құжатты жалпы тәртіпте 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей (өтінімді ресімдеу және дайындалған құжатты қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді). Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды жеделдетілген тәртіппен алу үшін (өтінімді ресімдеу және жеделдетілген қызмет үшін түбіртекті төлеу күні мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi): Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалалары үшін - жеделдіктің 1-санаты бойынша 1 (бір) жұмыс күніне дейін; жеделдіктің  2-санаты бойынша 3 (үш) жұмыс күніне дейін; облыс орталықтары үшін - жеделдіктің 1-санаты бойынша 3 (үш) жұмыс күніне дейін; жеделдіктің  2-санаты бойынша 5 (үш) жұмыс күніне дейін; облыстардың қалалары және аудандары үшін – жеделдіктің 3-санаты бойынша 7 (жеті) жұмыс күніне дейін құрайды