«Білім берудің қолжетімділігі мен өзектілігі»

«Білім берудің қолжетімділігі мен өзектілігі» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 1
  • Жауаптар: 1
  • 05.12.2025, 09:00
  • 05.12.2025, 18:00

Сұрақ нөмірі: 13802
Статус: қарастырылды
Нұрбай Шыңғыс 05.12.2025, 16:53

  • 0
  • 0

Соңғы жылдары аймақта инфрақұрылымды жаңартуда біршама жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Әсіресе ауылдық жерлердегі білім нысандарын жаңғырту бағытында атқарылған еңбекті атап өтпеуге болмайды. Осы ретте Арал ауданы, Сапақ елді мекеніндегі апаттық жағдайдағы мектептің мәселесі көптен бері көтеріліп жүр еді. Аталған мектептің жаңа ғимаратын салу жоспары қай кезеңде тұр?

Сұраққа жауаптар

Қайырлы күн! Арал ауданы, Сапақ елді мекеніндегі №69 орта мектеп ғимараты 2004 жылы ауылдың батыс бөлігінен асарланып, ыңғайластырылған типте салынған. Сапақ елді мекенінде 97 жанұяда 551 адам тұрады. Жобалық қуаты 60 орынға арналған ғимаратта 2025-2026 оқу жылында 1-11 сыныптарда 104 бала және мектеп алды даярлық тобында 12 бала, барлығы 116 бала білім алуда. Сапақ елді мекенінен 100 орындық жаңа типтегі мектеп ғимаратын салу мақсатында ЖСҚ дайындалып, 04.12.2023 жылы мем.сараптаманың оң қорытындысын алды. Жоба құны 1 627 908,0 мың теңге. Қаржыландыру үшін жауапты басқармаларға ұсыныс берілген. Нәтижесі күтілуде.