«Мемлекеттік қызмет саласындағы мәселелер»
«Мемлекеттік қызмет саласындағы мәселелер» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Н.Т. Еркебаев жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 2
- 11.12.2025, 10:00
- 11.12.2025, 18:00
Сұрақ нөмірі: 13805
Статус: қарастырылды
Болат Мәдина
11.12.2025, 15:58
Салематсызба! Алғаш болып мемлекеттік қызметке кіретін болсам, сынақ мерзімі белгіленгенбе?
Сұраққа жауаптар
Қайырлы күн Болат Мәдина! Қазақтан Республикасы мемлекеттік қызметі туралы Заңының 20-бабына сәйкес, мемлекеттік қзметке алғаш рет кіретін азаматтар үшін олардың атқаратын мемлекеттік лауазымдарға сәйкестігінтексеру мақсатында сынақ мерзімі белгіленеді. Сынақ мерзімінен өту туралы шарт мемлекеттік органның жұмысқа қабылдау туралы актісінде көзделеді. Сонымен қатар, осы баптың 2 және 3 тармақтарына сәйкес, сынақтан өтуші мемлекеттік қызметшілердң дәлелді себептермен жұмыста болмаған кезеңдері сынақ мерзіміне есептелмейді және сынақ мерзімі үш айды құрайтындығы хабарланады.


