Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті жұмысының негізгі бағыттары

Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша сұрақтар қоя алады

  • Сұрақтар: 8
  • Жауаптар: 8
  • 15.12.2025, 09:00
  • 15.12.2025, 17:00

Сұрақ нөмірі: 13811
Статус: қарастырылды
Төлеген Ботакөз 15.12.2025, 16:35

  • 0
  • 0

Саламатсызба, шектеулерді сақтамағаны үшін мемлекеттік қызметтен шығып кеткен азамат қайта мемлекеттік қызметке келе алады ма?

Сұраққа жауаптар

Шектеуді сақтамағаны үшін мемлекеттік қызметтен кеткен азамат қайта мемлекеттік қызметке келе алады. ҚР «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 16-бабы 3-тармағының 6) тармақшасына сай мемлекеттік қызметке кірер алдындағы бір жыл ішінде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді сақтамағаны үшін қызметтен шығарылған азамат мемлекеттік қызметке қабылданбайды. Яғни, осы талаптарға сәйкес азамат екі жылдан кейін мемлекеттік қызметке кіруге құқығы бар.