Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті жұмысының негізгі бағыттары
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 8
- Жауаптар: 8
- 15.12.2025, 09:00
- 15.12.2025, 17:00
Сұрақ нөмірі: 13812
Статус: қарастырылды
Төлеген Ботакөз
15.12.2025, 16:38
Мен мемлекеттік қызметте 2 жылдан астам бас маман ретінде жұмыс жасаймын. Конкурс өткізілместен бөлім басшысы лауазымға ауысу тәртібімен орналасуға болады ма?
Сұраққа жауаптар
Ия, болады. «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізілместен, ауысу тәртібімен орналасу қағидаларының 2-тармағының 5) тармақшасында мемлекеттік қызметші осы мемлекеттік органда кемінде соңғы екі жыл келесі төмен тұрған санаттағы лауазымды атқарған жағдайда мемлекеттік органның ішінде жоғары тұрған санаттағы лауазымға орналасуға болатындығы айқындалған.


