Азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 2
- 28.01.2026, 10:00
- 28.01.2026, 17:00
Сұрақ нөмірі: 13851
Статус: қарастырылды
Алиайдарұлы Еркебұлан
28.01.2026, 16:53
Қайырлы күн. Мен неке қиюға өтініш беруім керек еді, тәртібі қалай, көмектеріңіз қажет
Сұраққа жауаптар
Қайырлы күн! Неке қию туралы куәлікті алу үшін азаматтық хал актілерін тіркеу үшін Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері арқылы азаматтық хал актілерін тіркеу жөніндегі бөлімдерге жүгіну қажет


