«Инвесторлар үшін қолайлы орта қалыптастыру туралы»
«Инвесторлар үшін қолайлы орта қалыптастыру туралы»» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 2
- 27.02.2026, 09:00
- 27.02.2026, 18:00
Сұрақ нөмірі: 13858
Статус: қарастырылды
Садуақас Динара
27.02.2026, 09:45
Инфрақұрылымның мемлекеттік қолдау шарасы ретінде қалай тартуға болады?
Сұраққа жауаптар
Қайырлы күн! ҚР Үкіметінің 17.09.2024 жылғы № 754 қаулысымен бекітілген «Инженерлік инфрақұрылым жүргізу қағидалары» негізінде жүзеге асырылады. Инфрақұрылым түрлері – су бұру, сумен жабдықтау (сумен жабдықтау үшін ұңғыма бұрғылау), газдандыру, су таратқыштар, бу құбырлары, жылумен жабдықтау, су құбырлары, теміржол тұйықтары, кірме теміржолдар, телефон желілері, кіші электр станциялары, электр беру желілері, септиктер, бу-газды құрылғылар салу Инфрақұрылым сомасы – жалпы жоба құнының 50%-нан аспауы тиіс. Облыс орталығында экономикалық қыметтердің басым тізбесіне сәйкес, ал шағын қалалар және ауылдық елді мекендерде салалық шектеулерсіз.


