«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасының іске асырылуы бойынша»

«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасының іске асырылуы бойынша» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 6
  • Жауаптар: 6
  • 13.03.2026, 11:00
  • 13.03.2026, 18:00

Сұрақ нөмірі: 13867
Статус: қарастырылды
Кенесова Адина 13.03.2026, 11:18

  • 0
  • 0

Энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту халықтың өмір сапасын жақсартады деп ойлайсыз ба?

Сұраққа жауаптар

Қайырлы күн! Иә, энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту халықтың өмір сапасын айтарлықтай жақсартады деп ойлаймын. Себебі заманауи әрі сенімді инфрақұрылым тұрғындарды сапалы жылумен, электр энергиясымен және ауыз сумен тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жаңғырту жұмыстары энергия тиімділігін арттырып, ресурстарды үнемді пайдалануға жағдай жасайды. Нәтижесінде коммуналдық қызметтердің сапасы артып, тұрғындардың тұрмыс деңгейі жақсарады, ал өңірдің инфрақұрылымдық дамуы жаңа инвестициялар мен жобаларды жүзеге асыруға жол ашады.