«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасының іске асырылуы бойынша»
«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасының іске асырылуы бойынша» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 6
- Жауаптар: 6
- 13.03.2026, 11:00
- 13.03.2026, 18:00
Сұрақ нөмірі: 13870
Статус: қарастырылды
Кенесова Адина
13.03.2026, 11:31
Энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жобалары қалай іске асырылады?
Сұраққа жауаптар
Қайырлы күн! Жаңғырту жобалары мемлекеттік бағдарламалар мен ұлттық жобалар аясында кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Алдымен тозығы жеткен инженерлік желілерге талдау жүргізіліп, басым бағыттар анықталады. Одан кейін жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленіп, сараптамадан өткізіледі. Қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ инвестициялық бағдарламалар арқылы жүзеге асырылады. Жобаларды іске асыру нәтижесінде облыстағы энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымның сапасы жақсарып, тұрғындарға көрсетілетін қызметтердің сенімділігі артады.


