Мемлекеттік қызмет
Мемлекеттік қызмет бағыты бойынша
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 26.03.2026, 10:00
- 26.03.2026, 18:00
Сұрақ нөмірі: 13879
Статус: қарастырылды
Бекеш Әйгерім
26.03.2026
Мемлекеттік қызметші басқа мемлекеттік органға ауысқан (қабылданған) кезде жыл сайынғы еңбек демалысының кезеңі қалай есептеледі? Егер мемлекеттік қызметші ағымдағы күнтізбелік жылы жыл сайынғы еңбек демалысының бір бөлігін пайдаланып, алдыңғы жұмыс орнында екі лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы алған болса, жаңа мемлекеттік органда оған екі лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыру жәрдемақысын алу құқығы беріле ме?
Сұраққа жауаптар
Қайырлы күн! Бір мемлекеттік орган ішінде бір мемлекеттік лауазымнан басқа бос немесе уақытша бос мемлекеттік лауазымға ауысу кезінде мемлекеттік қызметшінің пайдаланылмаған ақылы жыл сайынғы еңбек демалысы сақталып, ауыстырылады. Ал мемлекеттік қызметші ішкі немесе жалпы конкурс нәтижелері бойынша басқа мемлекеттік органдағы мемлекеттік лауазымға тағайындалған жағдайда, пайдаланылмаған еңбек демалысы ауыстырылмайды. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 92-бабы 2-тармағына сәйкес, жұмыс жылы қызметкердің жұмысқа кіріскен алғашқы күнінен бастап есептелетін он екі күнтізбелік айды құрайды. Сонымен қатар, Сіздің жыл ішінде әртүрлі мемлекеттік органдарда жұмыс істей отырып, бір лауазымнан екіншісіне ауысу кезінде еңбек демалысы кезеңінде екі лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыру жәрдемақысын төлеуге қатысты сұрағыңыз бойынша төмендегіні түсіндіреміз. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 54-бабы 1-тармағына сәйкес, мемлекеттік қызметшілерге ұзақтығы отыз күнтізбелік күн болатын ақылы жыл сайынғы еңбек демалысы беріледі және оған екі лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыру жәрдемақысы төленеді. Мемлекеттік қызметшілерге ақылы жыл сайынғы еңбек демалысы бірінші және кейінгі жұмыс жылдары үшін тараптардың келісімі бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында беріледі. Тиісінше, сауықтыру жәрдемақысы еңбек демалысына байланысты күнтізбелік жыл ішінде бір рет төленеді (лауазымға қатысты). Қосымша ретінде хабарлаймыз: Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 93-бабы 1-тармағына сәйкес, қызметкерлерге ақылы жыл сайынғы еңбек демалысын беру кезектілігі жұмыс беруші бекітетін демалыс кестесіне сәйкес, қызметкерлердің пікірін ескере отырып айқындалады немесе тараптардың келісімі бойынша кестеден тыс белгіленуі мүмкін.


