«Мерзімді әскери қызметке шақыру бойынша»

«Мерзімді әскери қызметке шақыру бойынша» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 01.04.2026, 10:00
  • 01.04.2026, 18:00

Сұрақ нөмірі: 13883
Статус: қарастырылды
Сеитжанова Акгуль 01.04.2026, 10:32

  • 0
  • 0

Азаматтар мерзімді әскери қызметке қандай жағдайларда шақырылмайды?

Сұраққа жауаптар

Қайырлы күн! ҚР Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы заңының 35-бабының талаптарына сәйкес реттеледі. Азаматтар мерзімді әскери қызметтен келесі жағдайларда босатылады. Денсаулық жағдайы бойынша әскери-дәрігерлік комиссия «әскери қызметке жарамсыз» немесе «бейбіт уақытта жарамсыз» деп таныса, ауыр созылмалы аурулар, мүгедектік болған жағдайда; Отбасы жағдайына байланысты жалғыз асыраушы болып табылса (еңбекке жарамсыз ата-анасы, кәмелетке толмаған бауырлары болса), кәмелетке толмаған баласы бар болса және оны жалғыз тәрбиелеп отырса, бір немесе бірнеше баласы бар, жүкті жұбайы бар (белгілі бір мерзімінен асқан жағдайда); Білім алуына байланысты жоғары немесе техникалық және кәсіптік білім беру ұйымында күндізгі бөлімде оқып жатса (оқу кезеңінде кейінге қалдыру беріледі), магистратура, докторантурада күндізгі бөлімде оқыса; Басқа негіздер бойынша яғни, ғылыми дәрежесі бар азаматтар, діни бірлестікте тіркелген дін қызметкерлері, бұрын әскери қызмет өткергендер, бас бостандығынан айыру орындарында отырған немесе сотталған азаматтар және жасы бойынша 27 жасқа толған азаматтар мерзімді әскери қызметке шақырылмайды.