Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқрамасы
Орталық сумен қамтамасыз етуге жататын Жетісу облысының елді мекендерінің саны
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 2
- 06.04.2026, 10:00
- 06.04.2026, 18:00
Сұрақ нөмірі: 13885
Статус: қарастырылды
Марат Әлішер
06.04.2026, 11:09
Сәлеметсіз бе! Менің сұрағым жалпы Кербұлақ ауданы Сарыөзек жерінде не үшін су жиі тоқтап қала береді? Қашан жұмыстары бітеді?
Сұраққа жауаптар
Құрметті Марат Әлішер! Сарыөзек ауылының ауыз су сапасын жақсарту мақсатында 2024 жылдан бері «Сарыөзек ауылының сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту» жобасы іске асырылуда. Жоба шеңберінде 110 шақырым су құбыры желілері ауыстырылады. Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстарының 90% орындалды. Құрылыс жұмыстары биылғы жылдың қыркүйек айында аяталады. Нәтижесінде Сарыөзек ауылының тұрғындары сапалы ауыз сумен тұрақты түрде қамтамасыз етілетін болады.


