«Халықтың әр түрлі топтарының «Ашық деректерге» қажеттілігін анықтау мәселесі туралы»
«Халықтың әр түрлі топтарының «Ашық деректерге» қажеттілігін анықтау мәселесі туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 24.04.2026, 10:00
- 24.04.2026, 18:00
Сұрақ нөмірі: 13904
Статус: қарастырылды
Таширова Мархабат
24.04.2026, 10:12
Құрметті Нұрлыбек Машбекұлы! «Ашық деректер» порталындағы деректер қандай салалар бойынша орналастырылған?
Сұраққа жауаптар
Сәлеметсіз бе! Сұрағыңызға рахмет. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 246-НҚ бұйрығына сәйкес «Ашық деректер» порталында 12 сала бойынша деректер тізбесі орналастырылады атап айтқанда; Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, Еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру, Мәдениет және спорт, Мемлекеттік сектор, Денсаулық сақтау, Өнеркәсіп, Экономика, Білім және ғылым, Ауыл, орман, аңшылық және балық шаруашылығы, Қаржы, Сауда, Халық және қоғам. Аталған деректер өзектендіру мерзімдеріне (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжыл сайын, жыл сайын және қажеттілігіне қарай) сәйкес, «Ашық деректер» интернет-порталына орналастырылып отыр.


