«Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласында атқарылған жұмыстар туралы»
«Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласында атқарылған жұмыстар туралы» қажеттілігін анықтау мәселесі туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 30.04.2026, 09:30
- 30.04.2026, 18:00
Сұрақ нөмірі: 13911
Статус: қарастырылды
Рахманберді Сандуғаш
30.04.2026, 15:10
Мал шаруашылығымен айналысқым келеді. Шаруашылық ашсам мемлекет тарапынан қандай көмектер бар?
Сұраққа жауаптар
Қайырлы күн! Жалпы мал шаруашылығы саласын дамытуға жыл сайын 4,0 млрд. көлемінде қаржы бөлініп келеді. Шаруашылықтарға субсидия төлеу «Plem.kz» субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі (СМАЖ) базасы арқылы жүргізіледі. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялауға келесі бағыттар бойынша нормативтер қарастырылған. Атап айтқанда: 1) отандық асыл тұқымды ет бағытындағы МІҚ малын сатып алғаны үшін әр басына 260 мың теңге, сүт бағытындағы МІҚ сатып алғаны үшін әр басына 350 мың теңге, ТМД елдерінен асыл тұқымды МІҚ сатып алғаны үшін әр басына 390 мың теңге; 2) асыл тұқымды жылқы айғырын және түйе бурасын сатып алғаны үшін әр басына 175 мың теңге; 3) асыл тұқымды қой малын сатып алғаны үшін әр басына 26,0 мың теңге; 4) ет бағытындағы асыл тұқымды ірі қара малдың төл өсіру шығындарын арзандату бағыты бойынша әр басына 15 мың теңге; 5) асыл тұқымды ұсақ малдың төлін өсіру шығындарын арзандату бағыты бойынша әр басына 4,0 мың теңге; 6) мал шаруашылығы өнімдері бойынша өндірілген сүтке 45 теңге, 7) бордақылау алаңына өткізілген бұқашықтың тірілей салмағының әр килограмына 300 теңге, 8) бордақылау алаңына өткізілген ұсақ малдың еркек дарағының әр басына 3,0 мың теңге; 9) бие сүті өндірісіне әр литріне 60 теңге, түйе сүті өндірісіне әр литріне 55 теңге көлемінде субсидия төленеді. Cонымен қатар субсидия алуға төмендегі өлшемшарттар қойылады: 1) Есепке алу нөмірінің болуы; 2) Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің болуы; 3) АЖБ базасында мал басының тіркелген болуы; 4) Бір асыл тұқымды бұқаға (қошқарға) кемінде 20 және 30-дан аспайтын аналықтың болуы; 5) Бұқашықтардың (қошқардың) жасы ағымдағы жылдың 1 маусымына 12 айға толған болуы қажет; 6) МІҚ сатып алу 6 айдан 26 ай аралығында болуы қажет; 7) Қой сатып алу 4 айдан 18 ай аралығында болуы қажет. 8) Сатып алу келісім шарты, электронды шот фактура, төлемді растайтын құжаттар (кіріс кассалық ордер мен чек немесе төлем тапсырмасы)


