Жетісу облысының білім басқармасы

«Әлеуметтік әмиян» жүйесі арқылы жалпы білім беретін мектептерде оқитын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтануды ұсыну үшін ваучерлерді алу және белсендіру тетігінің жұмысын түсіндіру

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 04.05.2026, 10:00
  • 04.05.2026, 18:00

Сұрақ нөмірі: 13912
Статус: қарастырылды
Ұланов Бауыржан 04.05.2026, 11:59

  • 0
  • 0

"Әлеуметтік әмиян" жүйесінде тамақтану ваучерін қалай алуға және белсендіруге болады?

Сұраққа жауаптар

Құрметті Ұланов Бауыржан! Білім алушының тегін немесе жеңілдетілген тамақтануға құқығы мемлекеттік деректер базалары арқылы расталғаннан кейін, «Әлеуметтік әмиян» жүйесінде ваучер автоматты түрде қалыптастырылып, оқушының профиліне тіркеледі. Ваучерді белсендіру үшін ата-ана (заңды өкіл) жүйеге кіріп, баланың деректерін тексеріп, белсендіруді растауы қажет. Осыдан кейін ваучер мектеп асханасында пайдалануға қолжетімді болады.