Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар білім және ғылым саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 14.05.2026, 10:00
- 14.05.2026, 17:00
Сұрақ нөмірі: 13916
Статус: қарастырылды
Дарханұлы Шерхан
14.05.2026, 15:25
Саламатсыз ба? Жекеменшік мектеп ашайын деп едім, сол бойынша кімге, қалай жүгінсем болады?
Сұраққа жауаптар
Қайырлы күн! Жекеменшік мектеп ашу үшін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық департаменттеріне www.elicense.kz веб-порталы арқылы "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру, кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтері саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызметіне өтінішпен жүгіну қажеттігін хабарлаймыз.


