Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәселелері бойынша
Интернет-конференция зияткерлік меншік саласындағы өзекті мәселелерге арналған. Атап айтқанда, авторлық құқықтарды қорғау, сабақтас құқықтарды реттеу, құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік және цифрлық ортадағы заманауи сын-қатерлер қарастырылады. Қатысушылар сарапшыларға сұрақтар қойып, құқық қолдану тәжірибесіндегі өзекті мәселелерді талқылап, тәжірибе алмаса алады.
- Сұрақтар: 11
- Жауаптар: 11
- 15.05.2026, 09:00
- 15.05.2026, 18:00
Сұрақ нөмірі: 13928
Статус: қарастырылды
Карим Диана
15.05.2026, 17:40
Кәсіпкер өз өнімінің нарықта немесе интернетте қолдан жасалғанын анықтаса, не істеуі керек?
Сұраққа жауаптар
Ең алдымен құқық бұзушылық фактісін тіркеу қажет: сілтемелерді, скриншоттарды, чектерді, сатушы туралы мәліметтерді сақтау және қажет болған жағдайда тауар үлгісін сатып алу керек. Осыдан кейін құқық иеленуші құқық бұзушыға талап-шағым жолдай алады, әділет органдарына, құқық қорғау органдарына немесе сотқа жүгіне алады. Сондай-ақ контрафактілік өнімнің әкелінуін болдырмау мақсатында зияткерлік меншік объектілерін кедендік тізілімге енгізуге болады.


