Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты сұрақтар бойынша

  • Сұрақтар: 2
  • Жауаптар: 2
  • 03.06.2026, 10:00
  • 03.06.2026, 18:00

Сұрақ нөмірі: 13935
Статус: қарастырылды
Узбеханов Ернур 03.06.2026, 16:14

  • 0
  • 0

Сәлеметсізбе. Менде Оңтүстік Кореяға сапар жоспарланған, сол жақта апостиль қойылған құжат қажет болады. Құжатқа апостильді электрондық түрде қоюға болады ма?

Сұраққа жауаптар

Сәлеметсіз бе! «Қазақстан Республикасының әділет органдарынан, азаматтық хал актілерін тіркеу және өзге де мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметін көрсету қағидасының (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 27 мамырдағы № 58 бұйрығымен бекітілген) 6-тармағына сәйкес, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық түрде өтініш бере аласыз. Сонымен қатар, апостиль қоюға жататын құжат сканерленген көшірме түрінде электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі; көрсетілетін қызметті алушының өкілі (жеке тұлға) жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат); заңды тұлға атынан өкілі жүгінген кезде заңды тұлғаның басшысының немесе құрылтай құжаттарымен уәкілетті өзге де тұлғаның қолы қойылған және осы ұйымның мөрімен (бар болса) расталған сенімхат.