Азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету сапасы туралы

«Азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету сапасы туралы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Павлодар облысы бойынша Департаментінің басшысы Е.Н. Қарымсақов жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 7
  • Жауаптар: 7
  • 10.12.2020, 15:00
  • 10.12.2020, 17:00

Оразалинова Гульзада 10.12.2020, 15:30, Сұрақ нөмірі: 10010

  • 0

Жұбайымның ХҚКО-ға декреттік өтініш беруге құқығы бар ма?

Павлодар облысы 10.December.2020, 15:39

Сәлеметсіз бе, жүктілікке және босануға байланысты бір реттік әлеуметтік төлемдер тек босанған әйелдерге төленеді. Ай сайынғы бір жасқа толған кезге дейін бала күтімі бойынша жәрдемақын, балаға күтім жасап жүрген және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің мүшесі болып табылмайтын жұмыссыз әйелдер мен ер адамдарға тағайындалуы мүмкін. Ол үшін ХҚКО-ға қажетті құжаттар (өтініш, жеке куәлік, баланың туу туралы куәлігі, банктік шот нөмірі туралы мәліметтер) тапсырылуы керек. Бұл қызмет «электронды үкімет» порталында онлайн режимінде қол жетімді.