Азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету сапасы туралы

«Азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету сапасы туралы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Павлодар облысы бойынша Департаментінің басшысы Е.Н. Қарымсақов жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 7
  • Жауаптар: 7
  • 10.12.2020, 15:00
  • 10.12.2020, 17:00

Баймулдинова Асият 10.12.2020, 15:32, Сұрақ нөмірі: 10011

  • 0

16 жастағы балаға ЭЦҚ-ны онлайн желіде қалай реттеуге болады?

Павлодар облысы 10.December.2020, 15:40

Сәлеметсіз бе, электрондық цифрлық қолтаңбаны қашықтықтан реттеу үшін өзіңізде жеке куәліктің немесе Қазақстан Республикасы азаматының паспортының түпнұсқасы болуы керек. Кіріс SMS хабарламаларын қабылдау мүмкіндігі бар ұялы телефоныңыз болу керек. Сондай-ақ, Сіздің жеке компьютеріңізде веб-камера болуы керек. Бұдан әрі ЭЦҚ орнату және пайдалану үшін NCALayer бағдарламалық жасақтамасын орнатуыңыз қажет.