Азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету сапасы туралы
«Азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету сапасы туралы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Павлодар облысы бойынша Департаментінің басшысы Е.Н. Қарымсақов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 7
- Жауаптар: 7
- 10.12.2020, 15:00
- 10.12.2020, 17:00
Баисова Акмарал 10.12.2020, 15:42, Сұрақ нөмірі: 10012
Баланың туу туралы куәлігін қандай уақыт аралығында алу қажет?
Павлодар облысы 10.December.2020, 16:08
Сәлеметсіз бе, сіз бұл қызметті қажетті құжаттарды (өтініш, жеке куәлік, ата-анасының неке туралы куәлігінің көшірмесі, медициналық анықтама) тапсыру арқылы ала аласыз. Туу туралы куәлікті берудің алу мерзімі - 5 жұмыс күні. Бұл қызметті онлайн режимінде «электронды үкімет» порталынан алуға болады.